Көп нүкте

Сабақтың  тақырыбы :      Көп нүкте 

Сабақтың мақсаты :    а)  Тыныс белгілері  туралы түсінік беру,  көп нүктенің  жасалу жолдарын түсіндіру;

ә)   оқушылардың ойын кеңейтіп тілді байытатын мазмұнды да көркем сөз үлгілері мол мақал-мәтелдер,нақыл сөздер үйрету;

б)   Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі :                                жаңа сабақты игерту

Сабақтың әдісі :                               сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі :                   кеспе қағаздар, дидактикалық материалдар т.б

Пәнаралық байланыс :                   әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы : 

                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын

                                б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

Аяқталмай, іште қалған ойды тұспалдап көп нүкте қойылады. Көпшілік назарына ұсынылатын шығармада автордың мақсатына орай  көп нүкте қойылатын тұстар болады. Жалпы көп нүкте төмендегідей жағдайларда орын алады.

 

 

 

 

                                                               Қойылатын орындары
Ой аяқталмай немесе бір ой келесі оймен байланысқа түспей шашыраңқы айтылғанда көп нүкте қойылады.Алынған цитатаның не алды, не соңынан, өзге де мысалдарда сөйлем не сөз қалдырылған жағдайда көп нүкте қойылады.Сөйлеушінің көңіл күй әсерінен қысылып, ойы бөлініп, дауыс ырғағында үзіліс болған жағдайда көп нүкте қойылады.Айтылып келе жатқан ойға күтпеген алшақ жатқан ой қосылып кетсе, алдынан (абзацтан) көп нүкте қойылады.Тарихи, ғылыми деректердің қолжазбаларында уақыт өте келе, түрлі жағдайда өшіп, жойылып кететін тұстар түсініксіз болғанда көп нүкте қойылады.

(Мәтінде кездесетін тұрпайы, анайы сөздердің орнына да көп нүкте қойылады. Мысалы: Оның… пасық екені белгілі

Сен келгенде… Ә, оны айту міндетті емес.…Ыстық қой, шіркін, туған жер!..Сен мені… мен… мен… сені… дос ретінде түсіне алмадым… кешір, — деді ол.Сол жылы қызылшадан көп өнім  алдық.

… Жарықтық балажан еді ғой.

Оғуз қаған туралы аңыз

42

ҮІІ. Сіздерге беремін йуртум, деб деді…

 

Жаттығумен жұмыс:     127-жаттығу. Төмендегі сөйлемдерде неліктен көп нүкте қойылғанын түсіндіріңдер.

Білімді бекіту :   Өткен тақырыптар бойынша бірнеше сұрақтар қоя отырып, түсінбеген сұрақтарына жауап беремін

  1. Көп нүкте қандай жағдайда қойылады?
  2. Сұрау белгісі қандай сөйлемдерден кейін қойылады?

Бағалау :  Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

 

Үйге тапсырма :   128-жаттығу.