Іскерлік қарым-қатынастағы жазбаша тіл үлгілері

 

Сабақтың  тақырыбы :    Іскерлік қарым-қатынастағы жазбаша тіл үлгілері       

Сабақтың мақсаты : білімділік –   Іскерлік қарым -қатынастағы  жазбаша тіл үлгілерін жаза білуге  үйрету;

дамытушылық – оқушылардың жеке өнімді қызметтерін дамытушылық тапсырмалар арқылы байқау,логикалық тапсырмалар арқылы жұмыстану, практикалық тапсырмалар арқылы оқушы қызметінің әрекетін арттыру;

                                  тәрбиелік – лексикалық тапсырмалар арқылы оқушының сезіміне әсер ету,жан дүниелерін байыту.

Сабақтың түрі :                                аралас  сабақ

Сабақтың әдісі :                               сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі :                   кеспе қағаздар, үлгі парақшалар

Пәнаралық байланыс :                   әдебиет,тарих

Сабақтың барысы : 

                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын

                                б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

 

Ресми тілде қолданылатын құжаттардың қатарына анықтама, өтініш, түрлі ресми хаттар,  бұйрық, мінездеме, өмірбаян, қолхат, сенімхат, хаттама, жарғы, келісім-шарт, жеке іс парағы, қаулы түрлерін алуға болады.

Іс қағаздарының өзіндік тілдік жүйесі, белгі, құрылымы бар. Ал осы жүйе, белгі, құрылымның өзі әр іс қағазында түрлілігіне қарай бірінен бірі бөлектенеді.

 Жаттығумен жұмыс:   81-жаттығу          Хабарландыру  жазыңдар

  1. 1. Әдебиет үйірмесінің отырысы;
  2. 2. Кітап көрмесі;
  3. 3. Журналистермен кездесу;

 

84-жаттығу. ІІІ тоқсандағы сынып оқушыларының оқу үлгерімі , тәртібі, қоғамдық жұмысқа қатысты туралы мәселе қаралған хаттама жазыңдар.

 

Шығармашылық жұмыс:  Өздеріңнің достарыңа мінездеме  жазыңдар.

 

 Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

 

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

 

Үйге тапсырма:          10-сыныптағы  жүргізген жұмыстарының есебін жазып келу.