Үтір

Сабақтың  тақырыбы :      Үтір  

Сабақтың мақсаты : білімділік –  Тыныс белгілерін ажыратуға үйрету;

дамытушылық – оқушылардың жеке өнімді қызметтерін дамытушылық тапсырмалар арқылы байқау,логикалық тапсырмалар арқылы жұмыстану, практикалық тапсырмалар арқылы оқушы қызметінің әрекетін арттыру;

                                  тәрбиелік – лексикалық тапсырмалар арқылы оқушының сезіміне әсер ету,жан дүниелерін байыту.

Сабақтың түрі :                                Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі :                               сұрақ-жауап,шығармашылық іздену, талдау

Сабақтың көрнекілігі :                   кеспе қағаздар, деңгейлік тапсырмалар т.б

Пәнаралық байланыс :                   әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы : 

                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын

                                б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

Үтір — ең көп қолданылатын тыныс белгісі. Үтірді қойғанда тыныс белгілерін қолданудың грамматикалық, мағыналық, интонациялық принциптерін есте ұстау қажет.

 

 

 

 

 

Қойылатын орындары
Бірыңғай

сөйлем

мүшелерінің

арасына

қойылады

Қаратпа

сөздерден

кейін

қойылады

Қыстырма

сөздерден

кейін

қойылады

Оңашаланған

айқындауыш

сөздерден

кейін

қойылады

Құрмалас сөй-

лемдегі жай

сөйлемдердің аражігіне

қойылады

Бұйра шашты, өткір көзді, қыр

мұрынды

жан екен.

Айым, бері қара. Мұны,

жарығым,

өзің білесің.

Сол, сірә, бұл

жайдан

бейхабар.

Бәлкім,

бұл дұрыс

та болар.

Ұстазымыздың,

Алма апайдың,

тәлімі ерекше.

Мен, осы

үйдің үлкен

қызы, мұны

жақсы білем.

Тау жақтан

самал есті,

мен өзен

суының

салқын лебін

сезінгендей

болдым,

жүрегімді

сағыныш

сезімі шым

еткізді.

 

Жаттығумен жұмыс:     136-жаттығу.   Мәтіндегі үтірлердің қойылу  себебін түсіндіріңдер.

 

Шығармашылық жұмыс:        «Елін сүйген жүрек» тақырыбында өздерің лайық   деп таңдаған кейіпкер туралы шағын әңгіме жазыңдар.

    Білімді бекіту : Өткен тақырыптар бойынша бірнеше сұрақтар қоя отырып, түсінбеген сұрақтарына жауап беремін

  1. сөйлем соңына қандай тыныс белгісі қойылады?
  2. Сөйлем ішіне қандай тыныс белгісі қойылады?

Бағалау :  Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма :  138-жаттығу.