Сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілері

Сабақтың  тақырыбы :      . Сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілері 

Сабақтың мақсаты : а)  Тыныс белгілері  туралы түсінік беру,  сөйлем  ішіне  қойылатын тыныс белгілерінің  жасалу жолдарын түсіндіру;

ә)   оқушылардың ойын кеңейтіп тілді байытатын мазмұнды да көркем сөз үлгілері мол мақал-мәтелдер,нақыл сөздер үйрету;

б)   Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі :                                  жаңа сабақты игерту

Сабақтың әдісі :                               сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі :                   кеспе қағаздар,  таблицалар.

Пәнаралық байланыс :                   әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы : 

                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын

                                б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

Сөйлем ішінде ерекшеленіп, мағынасын айқындауды қажет ететін қаратпа, қыстырма,  одағай, төл сөздер мен бірыңғай және айқындауыш мүшелер бар. Тыныс белгілер сөйлем ішіндегі осындай сөздердің мағынасын, қызметін, қолданылу себебін ерекшелей, айтылар ойдың табиғатын айқындап көрсететін қызмет атқарады.

Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілер ерекшелеуші қызмет атқарады

 

 

үтір (,) Мен, Айдын, Әсем үшеуміз келдік.

қос нүкте (:) Айтарын білдім: тас-түйін боп алған

жақша () Толғауы тоқсан қызыл тіл. (Абай).

тырнақша («») «Жас келсе іске» деген сөз бар

сызықша (-) Үйде шешен, — дауда жоқ.

Жаттығумен жұмыс:     135-жаттығу.     Мәтінді көшіріп жазып,сөйлем ішіндегі тыныс белгілерінің қойылу мәнін түсіндіріңдер.   Мәтіннен кестеге қажетті 3 сөзді тауып толтырыңдар.

Дара зат есімЖалпы есімТуынды зат есімКөсемше тұлғалы етістікСабақты етістік
     

 

Білімді бекіту : Өткен тақырыптар бойынша бірнеше сұрақтар қоя отырып, түсінбеген сұрақтарына жауап беремін

  1.  Сөйлем соңына қандай тыныс белгісі қойылады?
  2. Сөйлем ішіне қандай тыныс белгісі қойылады?
  3. Көп нүкте қандай жағдайда қойылады?
  4. Қабаттаса қойылатын тыныс белгісінің жасалу жолын түсіндір.

Бағалау :  Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма :    Сөйлемдер талдап келу.