Қаратпа сөздерге байланысты қойылатын үтір

Сабақтың  тақырыбы :         Қаратпа сөздерге байланысты қойылатын үтір 

Сабақтың мақсаты : білімділік –  Тыныс белгілерін ажыратуға үйрету;

дамытушылық – оқушылардың жеке өнімді қызметтерін дамытушылық тапсырмалар арқылы байқау,логикалық тапсырмалар арқылы жұмыстану, практикалық тапсырмалар арқылы оқушы қызметінің әрекетін арттыру;

                                  тәрбиелік – лексикалық тапсырмалар арқылы оқушының сезіміне әсер ету,жан дүниелерін байыту.

Сабақтың түрі :                                 аралас  сабақ

Сабақтың әдісі :                               сұрақ-жауап,  топтастыру, талдау

Сабақтың көрнекілігі :                   кеспе қағаздар,  семантикалық карта

Пәнаралық байланыс :                   әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы : 

                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын

                                б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

Қаратпа сөздерге байланысты қойылатын үтір

 

Қаратпа сөздерге байланысты қойылатын үтір

 

Қойылатын орындары
Қаратпа сөз сөйлемнің ба-сында келсе үтір одан кейін қойыладыҚаратпа сөз сөйлемнің ортасында келсе үтір екі жағынан қойыладыҚаратпа сөз сөйлемнің аяғында келсе үтір алдынан кейін қойылады
Асқар, кел ақылдасайықАқылдасатын , Бейбітжан, не қалды?Неге олай дейсіз, апа?

 

Оңашаланған айқындауышқа байланысты қойылатын үтір

 

Оңашаланған айқындауыш — өзінің алдында тұрған сөзді айқындап, дәлелдеп, түсіндіріп тұратын бір немесе бірнеше сөз.

Үтір оңашаланған айқындауыштың екі жағынан қойылады.

Мысалы: Біз, Қазақстан жастары, еліміздің жарқын болашағына сенеміз! Үлкен ұлы, Асаны, еңбекқор азамат еді.

Жаттығумен жұмыс:     149-жаттығу.   Абай өлеңдерінен қаратпа сөзді қолданған өлеңдерді тауып, әрқайсысына 2 мысалдан келтіре отырып кестені толтырыңдар.

 

Қаратпа сөз басындаҚаратпа сөз ортасындаҚаратпа сөз аяғында
   

 

Білімді бекіту :   Өткен тақырыптар бойынша бірнеше сұрақтар қоя отырып, түсінбеген сұрақтарына жауап беремін

 

Бағалау :  Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

 

Үйге тапсырма :   150- жаттығу.