«Үйкеліс күші»

 

 

Сабақтың тақырыбы: «Үйкеліс күші».

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

  1. Оқушылардың үйкеліс күші жайлы түсініктерін тереңдету, оның табиғатын ашу, үйкеліс күшінің түрлі фактордан тәуелділігіне зерттеу жүргізу;
  2. Тәжірибе көмегімен үйкеліс күшінің жазықтық тегіне, жазықтықтың кедір-бұдырлығына, қысым күшіне тәуелділігін орнату;
  3. Тәжірибе негізінде алынған мәндерді пайдаланып график тұрғыза алу білігін, құрал- жабдықтармен жұмыс жасай алу білігін, құралдың көрсеткішін  ала алу және салыстырудыталдау,  Microsoft Excel бағдарламасының көмегімен графиктік тәуелділікті тұрғыза алу біліктерін қалыптастыру.

Дамытушылық:

Сөздік қорын, логикалық ойлау қабілетін, еңбекқорлығын,  алған білімдерін қалыптан тыс жағдаятттар үшін қолдана алу білігін, шығармашылық қабілеттерін  дамыту.

Тәрбиелік:

  1. Топпен жұмыс жасай алу білігі;
  2. Мақсатқа жету білігі.

Әдісі : проблемалық, зерттеушілік.

Пәнаралық  байланыс: информатика, физика.

Құралдар: ағаш кеспек, ағаш сызғыш, динамометр, жүктер жиыны, шыны, резина, тегіс қағаз, ағаш тақтай.

Сабақтың барысы:

І. «Миға шабуыл»

Бүгін біз күштер жайлы ұғымымызды жалғастырамыз. Өткен сабақта күштер жайлы біршама мағлұматтар алдық. Қане, бәріміз еске түсірейік.

  1. Күш дегеніміз не?
  2. Табиғатта қандай күштер бар?
  3. Бұл күштердің пайда болуына не себеп?
  4. Денеге әсер етуші күш неге тәуелді?
  5. Күштерді қандай құралдармен өлшейді?

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

1.Семантикалық картаны толтыру

Үйкеліс ұғымы жайлы кім, не біледі?

 

  1. Граф-схема

Сабақ барысында оқушылар кестені толтырып отырады.

БілемінБілгім келедіБілдім
1.    Денені тоқтатады

2.    Қозғалысқа кедергі жасайды

3.    Жылдамдықты азайтады

 

 

4.    Үйкеліс неден тәуелді?

5.    Үйкелістің себептері қандай?

6.    Үйкелістің қандай түрлері бар?

7.    Үйкелісті қалай арттырып, кемітуге болады

 

Мұғалім: Күнделікті жаяу жүрген кезде біз сырғанамаймыз, өйткені біздің аяқтарымыз жермен жанасады, сондықтан біз тоқтаймыз.

Сұрақ: Біз жүрген кезде неліктен сырғанамаймыз? Біздің орын ауыстыруымызға не әрекет етеді.

Талқыланып, қорытынды жасалады: себебі үйкеліс күші бар.

Мұғалім : Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы “Үйкеліс күші”.

Бір дене екінші дененің бетімен жанасқан  кезде пайда болатын күш үйкеліс күші деп аталады. Fүйк.  әрпімен белгіленеді

Суретке назар аударып, сұрақтарға жауап берейік.

  1. Балаға неліктен жүкті қозғалту қиын?
  2. Оған қандай күштерді жеңуге тура келеді?
  3. Ол күш қайда әсер етеді?
  4. Қайда бағытталған?

( Оқушылар сұраққа жауап беріп, суретке қарап күштерді жазып шығады).

 

 

 

 

Үйкелістің түрлері.

Суретке қарап үйкелістің түрлерін атаңдар

Үйкелістің қандай түрінде үйкеліс күші көп немесе аз болады, неліктен?

Тапсырма №1: Столдың үстінде домалақ , жазық кеспектер және динамометр жатыр. Сырғанау мен домалаудың қайсысында үйкеліс көп екенін анықтаңдар. Неліктен?

(Оқушылар жауап береді)

Үйкелістің себептері.

Тәжірибе №1.

Мұғалім: «үйкелістің себебі не?», қарындашпен шынының және қағаздың бетіне сызық жүргізіңдер. Не байқайсыңдар? Түсіндіріңдер . Қорытынды жасаңдар.

(қағаз бетінде қарындаштан із қалды, ал шыныда  – жоқ; балар лупамен қарындаштың ұшын, қағаздың бетін, айна бетін қарап шығады.)

Үйкелістің пайда болу себебі: денемен жанасушы бет тегіс емес немесе кедір-бұдыр.

 

Тәжірибе №2.

Ал енді екі шыныны бір-біріне қаттырақ қысып, бір-біріне қатысты  қозғалтып көріңдер. Болған құбылысты түсіндіре аласыңдар ма?.

Қиналсаңдар, зат неден тұратынын еске түсіріңдер?

(Зат молекуладан тұрады. Жанасушы денелердің молекулалары тартылады, сондықтан шыныны бір- біріне қатысты  қозғалту қиын.)

Үйкелістің тағы бір себебі: әсерлесуші денелердің молекулаларының тартылуы.

 

ІІІ. Зерттеу жұмысы

Проблемалық сұрақ.Үйкеліс күші неден тәуелді?

Бұл сұраққа жауап беру үшін бірнеше эксперименттік тапсырмалар орындайық.

  1. Білеушені бірдей күшпен тартайық. Бетке қай жағынан жанасқанын ескермейік.

 

Қорытынды. Үйкеліс күшінің жанасушы беттердің ауданына тәуелсіз екенін көреміз

  1. Білеушені басқа кедір-бұдырлы бетке орналастырып, динамометрмен бірқалыпты тартып қозғалысқа түсірейік.

 

Қорытынды. Енді оны орнынан қозғалту үшін бұрынғыдан да көп күш жұмсау қажет екенін көреміз. Бұл үйкеліс күшінің өзара әсер етуші  беттерге тәуелді екенін көрсетеді. Сонымен бірге білеушені қозғалысқа келтіріп тұрған күштің әсер етуші күштен аз екенін байқаймыз.

  1. Салмағы алғашқыдай тағы бір білеушені қойып, бетке әсер ететін күшті екі есе арттырайық.

 

Қорытынды. Динамометр үйкеліс күшінің артқанын көрсетеді.

Жүргізілген тәжірибелер үйкеліс күші қысым күшіне пропорционал екенін көрсетеді:

  1. Ағаш кеспек пен ағаш тақтай арасындағы үйкеліс коэффициентін анықтаңдар.

Оқушылар:

  1. Эксперимент жүргізеді;
  2. Есептеулер жүргізіп, MicrosoftExcel бағдарламасымен тәуелділік графигін тұрғызады.

( Компьютермен жұмыс аяқталған соң көзге жаттығу жасаймыз).

ІV. Рефлексия.Алынған нәтижені көрсетіп қорытынды жасайды.Б-Б-Б кестесідегі соңғы бағанды толтырады.

  1. Үйге тапсырма. $ 41 оқу, 18- жаттығу