Қатемен жұмыс

 

Сабақтың тақырыбы :          Қатемен жұмыс

 

Сабақтың мақсаты :

                                  а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту,өз ойын еркін жеткізе білуге,сауатты жазуға дағдыландыру.

                                

                                 ә) Мұқият тыңдап, ұқыпты жаза білуге үйрету.

                             

                                  б) Өз ісіне ұқыпты,мейірімді,кешірімшіл болуға тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі :                    қайталау

Сабақтың әдісі:                    талдау,түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі :           деңгейлік тапсырмалар

 

Сабақтың барысы :

                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :

   Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                  

                                   ә) Үй тапсырмасын тексеру:

Жіберілген қателер бойынша  тақтаға шығып қатемен жұмыс жүргізеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Орфографиялық сөздікпен жұмыс жүргіземін

 

Тақтамен жұмыс:     Тақтаға бірнеше сөздерді жазып буынға бөліп, фонетикалық талдау жүргізеді.

 

Білімді бекіту :   Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоя отырып түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

 

Бағалау : Оқушылардың ынтасына,сұраққа жауап бергеніне қарай білімдері бағаланады.

 

Үйге тапсырма :  Ережелерді жаттап келуге беремін

 

 

Күні:                                   Пәні: қазақ тілі                           Сыныбы: 9

 

Сабақтың тақырыбы:            Тест тапсырмалары

Сабақтың мақсаты:

                                   а) оқушылардың  қазақ тілі    пәнінен алған білімдерін тиянақтау;

ә)  тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы сауатты жазуға    дағдыландыру;

Сабақтың түрі:       қайталау

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, т.б

Сабақтың көрнекілігі:  тест парақшалары   т.б

Пәнаралық байланыс:          әдебиет

Сабақтың барысы:                              а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

  1. Тіл қоғамдық құбылыс ретінде:

А) Қоғамдағы заңдылықтарды реттейді.

Ә) қоғамдағы тарихи оқиғалардың тізбесін жасайды.

Б) қоғамға қызмет етеді.

  1. Қазақ тілімен туыстас тілдерді белгілеңдер.

А) араб, француз, түрік

ә) құмық,татар,қарақалпақ.

Б) қырғыз, ағылшын,орыс

  1. Тіл-

А) хат жазу көрсеткіші;

Ә) қарым-қатынас құралы;

Б) тыныс белгілері туралы ілім

  1. «Тіл туралы Заң» неше баптан тұрады?

А) 27         Ә) 17                    Б) 37

  1. Мемлекеттік тіл қай салаларда қолданылады?

А) барлық салада                 Ә) заң шығару,ғылым,білім, мәдениет салаларында

Б) Ол-бұқаралық ақпарат құралдары,ресми іс-қағаздардың тілі.

  1. Орхон-Енисей жазуларын алғаш оқыған ғалымдар кімдер?

А) С.Е.Малов,Ж.Баласағұн,Қорқыт.

ә) С.Е.Малов, В.В.Радлов, В. Томсен

б) Әль Фараби, В.В. Радлов,   В.Томсен

  1. Қазақ тілі кімдердің ана тілі болып есептеледі?

А) әлемдегі барлық қазақтардың

Ә) Тек қана Қазақстан қазақтарының

Б) Қазақстандағы барлық халықтың

  1. Шу бойынан және барсығаннан шыққан ғұламалар кімдер?

А) Баласағұни, Қашқари

ә) Әл-Фараби,Қашқари.

Б) Йүгнеки,Қашқари

  1. Қазақ тілі қай топқа жатады?

А) Шығыс тілдері тобына             Ә) Үнді-еуропа тілдері тобына

Б) Қыпшақ-ноғай тобына

  1. «тілсіз қоғам-өлі, мынау дүние» деген жолдар қай ақынның өлеңінен алынған?

А) С.Торайғыров                               Ә) А.Байтұрсынов            Б) М.Мақатаев

Білімді бекіту:   Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына  қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:         Қайталау