Тест тапсырмалары

Сабақтың тақырыбы:            Тест тапсырмалары

Сабақтың мақсаты:

                                   а) оқушылардың  қазақ тілі    пәнінен алған білімдерін тиянақтау;

ә)  тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы сауатты жазуға    дағдыландыру;

Сабақтың түрі:       қайталау

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, т.б

Сабақтың көрнекілігі:  тест парақшалары   т.б

Пәнаралық байланыс:          әдебиет

Сабақтың барысы:                              а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

  1. Егер тыныс белгілері дұрыс қойылмаған болса, онда…

А) шығарманың ой-желісі еш өзгермейді.

ә) айтушының көңіл-күйі мен айтылмақ ойын өз дәрежесінде қабылдай алмаймыз.

Б) Ойды дәл, нақты, тұжырымды хабарлайды

  1. Мәтіннің тыныс белгісін қою үшін қандай белгілерге сүйенеді?

А) грамматикалық принцип, мағыналық принцип, сөйлем интонациясы

ә)  грамматикалық принцип,  үндестік заңы, сөйлем интонациясы

Б) буын үндестігі          мағыналық принцип, сөйлем интонациясы

  1. Қандай тыныс белгілері қойылмаған?

Ол: Батырне жауап қайтарамыз-деп сұрады.

А) жақша, үтір, нүкте             Ә)тырнақша,үтір, сұрау белгісі                 Б) тырнақша,үтір, көп нүкте.

  1. Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілерін белгілеңдер.

А) қос нүкте,леп белгісі;               Ә) үтірлі нүкте,нүкте                 Б) сұрау белгісі, нүкте

  1. Көтеріңкі дауыспен айтылатын қаратпа сөздерден кейін…

А) сұрау  және леп белгісі               Ә) леп белгісі және нүкте       Б) леп белгісі қойылады.

6) Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгісін көрсетіңдер.

А) қос нүкте, үтір, жақша, нүктелі үтір, тырнақша.

Ә) сұрау белгісі,үтір, сызықша, жақша, тырнақша.

Б)  қос нүкте, үтір, нүкте, жақша, тырнақша

  1. Өлең жолындағы қойылмай қалған тыныс белгісін белгілеңдер. Кешір шеше Мәңгілік майдандамын.

А) қос нүкте, жақша,             Ә) үтір, леп белгісі                     Б) үтір, нүкте

  1. Бірыңғай мүшелердің мағынасын жинақтап,топтастырып тұрған жалпылауыштың алдынан…

А) қос нүкте қойылады                 Ә) сызықша қойылады                Б) үтірлі нүкте қойылады

  1. Жалғаулықтары түсіріліп айтылған қарсылықты салалас құрмалас сөйлемнің арасына қойылатын тыныс белгілері

А) қос нүкте,үтір               Ә) жақша мен сызықша                   Б) үтір мен сызықша

  1. Сөйлемді ықшамдап қолдануға байланысты қойылған сызықшаны тап.

А) –Балалар, келді,-деді ол.

Ә) Абай-ұлы ақын.

Б) Аяқ-арғымақ,қол-қанат.

 

Білімді бекіту:   Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына  қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:         Қайталау