Допты төменнен және жоғарыдан ойынға қосу.

 

Дене тәрбиесі пәнінен 11 «А» сыныпқа арналған волейболдан ашық сабақ жоспары

 

Сабақтың тақырыбы Допты төменнен және жоғарыдан ойынға қосу.

Сабақтың мақсаты: 1)  Оқушыларға  волейбол ойынының әдіс-тәсілдерін үйрету.

2)  Жылдамдық, шапшаңдық  қасиеттеріне баулу.

3)  Оқушыларды адамгершілікке, патриоттыққа тәрбиелеу;

Сабақтың әдісі:      Түсіндіру, көрсету, үйрету және айналмалы жаттығу

Өтілетін орны:       №204 мектептің спорт залы.

Өтілетін күні:         21.01.2015жылы,  І-ауысым 5-сабақ

Керек құрал:           Ысқырық, волейбол доптары, фишка, секундамер және сетка т.б.

 

С/б Сабақтың  мазмұны Уақыт реті Әдістемелік нұсқаулар
Кіріспе   бөлім   10 — 15   минут

 

1. Сапқа тұрғызу. Кезекші мәліметін қабылдау, сәлемдесу, өтілетін сабақтың мақсатын түсіндіру.  

1’30’’

Оқушылардың спорттық киіміне және бұйрықтың дұрыс орындалуына көңіл бөлу
2.  Назар аудару жаттығулары: «Оң-ға»,

«Сол-ға», «Ай-нал»

30’’ Бұйрықтардың дұрыс орындалуын қадағалау
3.  Жүру бағытындағы жаттығулар:

-қол жағары, аяқтың ұшымен жүру;

-қол белде, өкшемен жүру;

-қол белде,табанның ішкі,сыртқы қырымен жүру;

-қол белде, тізені көтеріп жүру;

-қол белде, жартылай отырып жүру;

-қол тізеде, толық отырып жүру;

-қол тізеде, оңға-солға секіру;

Спорттық жүріске ауысу

3’мин

10м

10м

10м

10м

10м

10м

10м

30м

 

 

Қолды түзу ұстау керек.

Денені тік ұстау

Басты тік ұстау

Тізе жоғары болу керек

Басты жоғары ұстау

Қолмен көмектесу

Ара-қашықтықты сақтау

Тез орындау

 

 4.Жүгіру бағытындағы жаттығулар:

-қол алда, тізені көтеріп жүгіру;

-қол белде, аяқ ұшын алға сілтей жүгіру;

-қол жамбаста, аяқты артқа лақтыра жүгіру;

-қол белде, оң, сол жанымен секіріп жүгіру;

-арқамен жүгіру;

-алға секіріп керілу;

-жәй жүгіру;

-жүру,тыныс алып, демді басу

3’мин

15м

15м

15м

15м

15м

15м

15м

1’мин

Тізені жоғары көтеру

Аяқты бүгпеу керек

Тез орындау

Жоғары серпілу

Сол иықпен артқа қарау

Қолмен көмектесу арқылы

 

Терең дем алу,тынысты қалыпқа келтіру

5.Жалпы денені жетілдіру жаттығулары:

-Б.Қ қол белде, аяқ иық көлемінде,сан:1-2 басты оңға, 3-4 солға айналдыру;

-Б.Қ қол иықта, аяқ иық көлемінде сан: 1-2 иықты алға, 3-4 артқа айналдыру;

-Б.Қ оң қол жоғары, сол қол төмен, аяқ иық көлемінде, сан:1-2 қолды артқа сілтеу,3-4 қолды ауыстыру;

-Б.Қ қол белде, аяқ иық көлемінде, сан: 1-2 оң жаққа иілу, 3-4 сол жаққаиілу;

-Б.Қ  аяқ иық көлемінде, сан: 1-қол жоғары артқа керілу,2-қолды аяққа жеткізу, 3-қол алда, отыру, 4-б.қ

-Б.Қ қол белде, оң, сол, қос аяқпен жоғары секіру

Демді қалыпқа келтіру, сан: 1-2 қол жоғары көтеріп дем алып, 3-4 қолды төмен түсіріп дем шығару

 

4’мин

5-6 рет

 

5-6 рет

 

5-6 рет

 

 

5-6 рет

 

5-6 рет

 

 

10,10,20

5-6 рет

 

Денені тік ұстау,басты толық айналдыру.

Иықты толық айналдыру.

 

Қол түзу болады.

 

 

Толық иілу керек

 

Санақ бойынша орындалады.

 

 

Жоғары секіру.

Терең дем алу

                 Негізгі   бөлім   25 — 30 минут

 

 

Жаңа сабақ:

Допты төменнен және жоғарыдан ойынға қосу.

 

— Оқушыларды сапқа тұрғызу, өтілетін сабақтың мақсаты түсіндіру, оның орындалу барысын көрсету және ортаға екі лекпен жүріп арнайы жаттығулар орындау:

1.Екеу ара доппен  оң, сол қолмен еденге ұру арқылы ойнау.

2.Екі қолмен артқа созылу арқылы қарсыласына допты жеткізу.

3. Допты жоғарыдан және төменнен қабылдауға үйрену.

4. Қарсыласына допты жоғарыдын және төменнен ойынға қосу әдіс-тәсілдерін үйрету.

 

-Оқушыларды екі топқа бөліп бірінші топ, тор сетканың арғы жағында допты қабылдауға дайындалады,  ал екінші топ кезектесіп допты төменнен және жоғарыдан ойынға қосу

әдіс-тәсілдерін оқушыларға үйрету. Допты  10-15см жоғары лақтырып, ойынға қосуға дағдылану.

-Екі топты орын ауыстырып бірінші топ допты ойынға қосуға үйрету, ал екінші топ допты қабылдауға орын ауысады.

 

-Екі топқа бөліп волейбол ойынын ойнату.

 

 

 

 

 

 

2’мин

 

 

6-7 рет

 

6-7 рет

 

6-7 рет

 

6-7 рет

 

 

 

 

5-6 рет

 

 

 

5-6 рет

 

 

 

15 ке дейін

 

 

 

 

Оқушылардың тәртібіне

назар аудару

 

Қарсылысына  допты түзу жеткізуін қадағалау.

Жылдамдықа баулу.

 

Дұрыс қабылдауға үйрену.

 

Допты сәл жоғары лақтырып ойнау

 

 

Допты ойынға қосу кезінде сызықты баспауын және қолдан допты бермеуін қадағалау.

 

 

 

 

 

Ереже бойынша ойнату

 

 

Қорытынды бөлім  3-5 мин

 

 

Сапқа тұрғызып, жәй жүру арқылы тыныс алу жаттығуларын орындау.

Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма беру.

 

1’мин

 

4’мин

 

 

Терең дем алу және шығару.

Сабақ барысында жіберген қателіктерді ескерту.