Жүрістің санын есептеу жолдары.

Сабақтың  тақырыбы:   Жүрістің  санын  есептеу  жолдары.

Сабақтың   мақсаты:    а)Оқушыларды ойын күштеріне жауапкершілікпен

                                            қарап, терең есептеуге бейімдеу.

ә) Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту және
қалыптастыру.

б) Жас ұрпақты ұлттық қадір қасиеттерімізді           қастерлей білуге тәрбиелеу.

Пән аралық байланыс:  Тарих, математика т.б.

Сабақтың типі:             Жаңа  сабақ.

Сабақтың  әдісі:             Түсіндіру, ойын әдісі, жаңа сабақты меңгерту.

Көрнекілігі:                      Компьютер, интерактивті тақта, бор.

 

                                    

Сабақтың  барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

       Сәлемдесу. Оқушылардың  дайындығын  тексеру, назарын  сабаққа  аудару.

Сабақтың  тақырыбын, мақсатын  түсіндіру.

                                  

                                             ІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі

Тарихтың терең қойнауынан бастау алған, шығу және пайда болу мерзімі  әлі

толық  дәрежеде  зерттелмеген, ұлтымыздың асыл қазыналарының бірі -тоғызқұмалақ.

Оның ерте заманнан келе жатқанына дәлел боларлық тастарға қашалып қалдырылған.Тоғызқұмалақ тақтасының  бейнелері. Қазақстанның әр түкпірінен табылуда. Тарихшы   В.А. Куфтин  тоғызқұмалақ  ойынының  Солтүстік Африка халықтарының ойынына ұқсастығын  көрсетеді. Археологтардың  зерттеуі бойынша  шахматтан, дойбыдан  ерте  пайда  болған  «Калах» ойыны  туралы  айтады. Бұл  ойынның  біздің  тоғызқұмалақ  ойынының  арасындағы  ұқсастығын  көруге  болады.

 

            Калах ойынының тақтасы           Тасқа қашалып салынған тоғызқұмалақ
отаулары мен қазандары
Ақшұқырдан табылған.

 

Тасқа қашалып салынған ойынның отаулары мен қазандары «Ақшұқырдан» (Қаратау қаласындағы) табылған. Бұл өнерді ұлы Абай, заңғар жазушымыз           М. Әуезов пен Б.Момышұлы қадір тұтып, серік еткен. СССР халық артісі Қалыбек Қуанышбаевтың ойынның жоғалып кетпеуіне сіңірген еңбектері зор. Ал, Қазалы жерінде алғашқы тоғызқұмалақ ойынын насихаттаушы Сәлменов Мұхтар ағайымыз.

 

ІІІ. Жаңа сабақ

Әрбір ойыншы үшін ойынның ортасы мен аяқ шенінде тек өз жағындағы жүрістерінің ғана мақсатын белгілеп, құмалақтарды дұрыс салу және жүрістердің санын есептеу ғана жеткіліксіз. Қосымша қарсы жақтың да мақсатын біліп, барлық жүрістердің санын үздіксіз есептеп отыру керек. Екі жақтың отауларында бес-бестен құмалақтары бар. Жүріс кезегі ақ жағынан.

Егер екеуі де жүрісін 6-шы отаудан, ал екінші  жүрісін 5-ші отаудан бастап жүрген жағдайда, құмалақтарды 9-шы отауға жинамақ болса, 9-шы отауға жеткенше ақ жағының 15 жүрісі, қара жағының 16 жүрісі бар. Ақ жағының жүрістері тез таусылып «атсырап» тұр. Егер қара жағы бірінші жүрісін 5-ші отаудан бастаса оның барлық жүрістерінің саны 9-шы отауға жеткенше 14 ақ жүріс екен. Бұл жағдайда қара жағы «атсырап» қалады.

ЕРЕЖЕ:    Барлық жүрістерінің санын азайту үшін, тез «атсырап» қалмау үшін ойыншылар әрқашан да өздерінің оң жағындағы отаудан бастап жүріп отыруы керек те, жүріс жасалған отаудың оң жағындағы отауларға екі құмалақтан артық құмалақ тастамауы керек.

Мысалы:

 

Әр бір отауда 1-1ден құмалақ бар дейік. Жоғарыда айтылғандай ережені қолдана отырып есептесек, 8-ші отаудағы бір құмалақ 9-ші отауға жеткенше бір жүріс. 7-ші отаудағы бір құмалақ 9-шы отауға жеткенше екі жүріс жасайды. Келесі отаудың жүрісі т.с.с болып кете береді. Барлық жүрістерді қоссақ, 1+2+3+4+5+6+7+8=36 яғни, отыз алты жүріс жасауға болады екен. Отауда жатқан екі құмалақтың барлық жүрістерінің санын табу үшін, жүрісті жүретін отау мен құмалақтар жинайтын отаудың арасындағы отаулар санын отаудағы құмалақтар санына (бұл жерде екіге) көбейтсек болғаны.

Мысалы 5-ші отауда жатқан екі құмалақ 9-шы отауға еткенше 4 рет қарғиды екен, яғни ол екі құмалақ (4*2=8) жүріс береді.  2-ші отауда жатқан екі құмалақ 9-шы отауға жеткенше (7*2=14) жүріс береді, т. с. с.

 

 

Отауда жатқан үш құмалақтың барлық жүрістерінің санын табу үшін, сол жүріс жүретін отау мен құмалақтарды жинайтын отаудың ара-қашықтығындағы қарғу санын отаудағы құмалақтар санына (бұл жерде 3-ке) көбейтіп, сол көбейтіндіден екі санын алсақ болғаны.

Мысалы, 4-ші отауда жатқан үш құмалақ 9-шы отаудың арасына 5 рет қарғып жетеді.

 

 

Демек, 4-ші отаудағы 3 құмалақ (5*3)-2=13 жүріс береді.

Отауда жатқан 4 құмалақтың жүрістерінің санын табу үшін, сол жүріс жүретін отау мен құмалақатрды жинайтын арақашығындағы қарғу санын, отаудағы құмалақ  санына (4) көбейтіп, сол көбейтіндіден 5 санын алсақ болады. Мысалы, 6-шы отауда жатқан 4 құмалақ пен 9-шы отаудың арақашықтығы 3 қарғу, демек 6-шы отаудағы 4 құмалақ (3*4)-5=7 жүріс береді.

 

Отауда жатқан 5 құмалақтың барлық жүрістерінің санын табу үшін әр қашанда сол жүріс жүретін отаумен құмалақтарды жинайтын отаудың арақашықтығы қарғу санын сол отаудағы құмалақ санына (5-ке) көбейтіп, сол көбейтіндіден 9 санын алсақ болды.

Мысалы, 3-ші отауда жатқан 5 құмалақпен 9-шы отаудың арақашықтығы 6 қарғуға тең. Демек, отаудағы 5 құмалақ (6*5)-9=21 жүріс береді.

 

3-ші отауда жатқан 6 құмалақтың барлық жүрістерінің санын табу үшін әрқашанда сол жүріс жүретін отау мен құмалақтарды жинайтын отаудың арақашықтығы қарғу санын сол отаудағы құмалақ санына (6-ға) көбейтіп, сол көбейтіндіден 14 санын алсақ болды.

Мысалы: 3-ші отауда 6 құмалақпен 9-шы отаудың арақашықтығы 6 қарғуға тең. Демек, отаудағы 6 құмалақ (6*6)-14=22 жүріс береді.

 

Жүрістер санын есептеу жолының математикалық заңдылығының ең негізгі қажеттісі – отаудағы құмалақ санын қарғу санына көбейткен соң одан алатын тұрақты санды тез табу. Бұл заңдылықты төмендегі кестеден көресіздер:

 

 

  1. Жаңа сабақты бекіту

Мына төмендегі көрсетілген позициядан кейін қарсыластардың олар құмалақтарын 9-шы отауға жинаған жағдайда қаншадан жүрістері бар екенін есептеп көрейік. Негізгі ереже мен кестені қолдана отырып есептесек. Ақ жағының барлығы – 64 жүріс, қара жағының барлығы – 60 жүріс. Демек, ойын аяқ шенінде «атсырау» көбінесе құмалақтардың санымен шешілмей, олардың тақта үстінде қаншалықты тиімді орын алу жағдайында көп жүріс болуда байланысты екен.

  1. Үйге тапсырма

а)  Жүрістердің санын есептеу жолдарын оқу;

ә)  Тұрақты сандарды жаттау;

б)  6, 7, 8, 9 санды құмалақтарға мысал         келтіре  отырып, есепті шығарып келу.

 

VІ. Бағалау

Сабақ барысында белсінділік көрсетіп отырған оқушыларды бағалау.

 

 

 

Дене тәрбиесі пәнінен 9 «а» класқа арнап жасалған ашық сабақ жоспары.