Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және ол басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы бір рефлексивтік есеп.

С

Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және ол басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы бір рефлексивтік есеп.

                                     Мұғалім пікірі 
 «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқаннан кейін оның мұғалімдігі де жойылады»       К.Д. Ушинский.

Мен бүгін курстың бағдарламасы бойынша ІІ айында мектептегі тәжірибеден өту үшін ауылға келдім. Алға қойған мақсатым дәстүрлі оқытудан алшақ болу, сындарлы оқытуға бағыт алу. Ал сындарлы оқытудың мақсаты- оқушының пәнді терең түсіну қаблетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез-келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.[1.6б]. Бұрынғы дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі» стильден кейінгі, жаңа стильді өзгеріс мені үлкен шабытпен мектепке әкелді. Қорқыныш та жоқ емес, мені әріптестерім мен оқушыларым қалай қарсы алады екен деп қобалжып келдім. Мен арқылы оқушыларым да өзгереді, оны ата-анасы қалай қабылдар екен деп ойладым. Бірақ  мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға-мұғалім екенін еске алып өзіме деген сенімділік пайда болды. Осы сеніммен мектепке келдім.  Мектеп есігінен аттағаннан бастап менде бір ерекше сезім пайда болды, оның себебі неге екенін біле алмадым. Бірінші бетпе – бет кезеңіндегі  оқыған дәрістердің әсерінен болар,  енді бұрынғыдай дәстүрлі әдіспен сабақ жүргізбеймін деп, өзімді әріптестерімнен бөлектенгендей болдым ба, білмедім. Бірақ көңілімде қуаныш, ерекше алып – ұшқан сезімде келдім. Мектеп басшылары мен әріптестерім жақсы қарсы алды. Менен бір өзгеріс күтетіндей. Осындай әсермен әріптестерімізбен бағдарлама жөнінде түсінік жұмыстарын жүргіздім. Мұғалімдер қызығушылық танытып, зер қоя тыңдады. Бірінші бетпе-бет кезеңінде, өзімнің жақсы түсінген модулім, «оқуы үшін бағалаужәне оқуды бағалау» бойынша әріптестерге семинар өткіздім. Семинарда әріптестерді қызықтыра алдым, өйткені мұғалімдерде оқыту үшін бағалау бойынша көптеген сұрақтар болды. «Мұғалімдер өздерінің сабақтарында стикерлер мен смайликтерді пайдаланғандарын, бірақ оны оқыту үшін пайдаланғандарын білмегендерін және оның соншалықты маңызды екенін білмегендерін айтты». Семинардың келесі кезеңінде алдағы тізбектелген төрт сабағымда қолданатын әдіс-тәсілдерім бойынша, оған жеті модулдің кіріктірілуі жөнінде кеңестім. Әріптестермен кеңесуім маған да, әріптестерге де тиімді болды деп ойлаймын. Өйткені семинардан кейін 3 сынып мұғалімі Қамаш апай оқушыларды топқа бөліп оқыту үшін бағалау түрлерін қолданғанын, және оған оқушылардың қызыққанын айтып мәз болып келді. Тағыда семинар өткізгенімді қалады. Бірақ уақыттың жетіспейтінін, оқушыларменде жұмыс жүргізуім керектігін айтып түсіндірдім. Әріптестермен жұмыс жүргізген мағанда ұнады. Өйткені өзімнің бірінші бетпе-бет кезеңіндегі үйренгендерімді әріптестеріме жеткізу, түсіндіру маған ұнады. Әріптестерімнің  менің бойымдағы өзгерістерді көріп, қызығушылықтарының арытқанын байқадым. Өзімнің бойымдағы өзгерістерді семинар сабақтар мен тренингтер өткізу арқылы көрсете алсам және одан әріптестерім пайдаға асатындай бір нәрсе ала алса ,ол менің үлкен табысым деп түсіндім.(1-4 суреттер)

 

1-сурет                                 2-сурет

3-сурет                                           4-сурет

Өзім жетекшілік ететін биология пәнінен  7 сыныпқа барып оқушылармен жұмысымды бастап кеттім. Сынып оқушылары қатынасып жүрген бағдарлама жөнінде мағлұмат беріп, олардың да осы бағдарламаға қатынасушы екендерін айттым. Сыныптағы бірлескен жұмыс оқытылатын пәннің мазмұнын берумен ғана шектелмей, ол сонымен қатар мұғалімнің ынтымақтастық атмосферасында оқуды қамтамасыз етуіне бағытталады.Табысты оқу мен оқытудың мәні оқыту үдерісінде жеке тұлғалар өздерін еркін және қауіпсіз  сезінуіне жағдай жасаудан тұрады. Осыған дейін біз, өз сыныбымда ережелермен және белгілі бір шектеулермен жұмыс істеп келдік. Оқушыларға бой сергіту тренинг «шаттық шеңберін», «жаңбыр» сергітуін  өткіздім, оқушылардың алған әсерінде шек жоқ.   Әлі кішкентай балалар ғой, жаңбырдың дыбысына өте ұқсайтынына таң тамаша, осыны біз бе жасаған дегендей. Олардың бет бейнесіндегі алған әсерлерін  сөзбен жеткізу мүмкін емес еді, оқушыларым да бір өзгерістің болып жатқанын сезіп, «апай енді осындай сергіту өткізіп тұрайықшы» деп ойларын айтты. Осы әсермен оқушыларды топқа бөлдім де , топтың ережесін құруды тапсырдым.Сыныпта   бұрын да мектеп ережелері мен нормалары сақталатын еді , сондықтан оқушылар ереже құруға көп кідірмей кірісіп кетті. Бірақ оқушылардан талқылау барысында еркіндік көре алмадым , оларда шуламау керек деген пікір мықтап қалыптасқан.  Дегенмен де, әр топ өз ережелерін құрып, қорғап шықты және сол ережелер негізінде сыныптың ережесін құрдық. «Сені таныстырғым келеді»сергітуін  өткіздім, оқушылар жұптасып бірімен бірі танысу үшін «сұрақ-жауап» жұмысын жүргізді. Оқушылар диалогқа кіріскенде бақылап отырдым. Олар қызу жұмыс үстінде, өздеріне керекті мәліметтерді жинақтауда. Менің ұққаным, балаларға бірін –бірі тануға да мұрсат бермейміз екен ғой. Мен өзімнің мектептегі тәжірибелерімді осылайша бастадым. Сынып оқушыларымен «Менің арманым» деген тақырыпта әңгіме жүргізіп, ойларын мүмкіндіктері келгенше коллажға салуды тапсырдым, оқушылар тапсырманы орындауға отырды. Оқушылар бәрі арман қанатында ұшып жүргендей болып отыр, жүздері бал – бұл жайнап, кейбіреуі қаламсабын тістеп ойға кеткен. Оқушыларға «Жылы лебіз» тренингісін жүргіздім. Олар тренингті жақсы көреді. Бірақ оқушылардың лебіздері қайталанып кетті, ол қызықсыз болады екен. Оқушылар әлі ұшқыр ойлар айта алмай  жатты. Содан соң коллаждары бойынша өз армандарымен сыныптастарымен бөлісті. Ақниет әнші болуды армандайды, ол өзі жақсы ән айтады. Әлішер суретші болуды армандайды екен. Төртінші күні сыныппен «Жақсы мұғалім» тақырыбында топтық жұмыс жүргіздім.  Тапсырманы топ болып постерге салып қорғады . Оқушылардың рефлексияларын тыңдап отырып , тапсырманы беріп алып өзім қысылдым, мен оқушыларымның талабына сай мұғаліммін бе? деп. Мен өз кемшіліктерімді арасынан көріп отырдым.    Оқушылардың ойлары, пікірлері мені ойландырды. Мен сол оқушыларым айтқандай ұстазбын ба? Осы қасиеттер менің бойымда бар ма? деген сұрақтарға жауап табудың өзі қиын болды. Кейбір сабақта белсенділігі төмен оқушылардың бұл тапсырманы орындауға құлшыныстары керемет болады екен.  Шағын  топтарда жұмыс жасау үшін сыныптардағы парталарды қозғап орналастырып алдық. Сабақта оқушылар топтасып әрекет етеді, нені қалай ойлау керек екенін өздері шешеді. Сабақ беруге және оқытуға барынша мақсатқа сай және креативті амалдарды дамытуда орталық аспект мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынастардың түсінікті болуы керек. Егер оқытуға белсенділік пен өзара әрекет кіретін болса, ол тиімдірек бола алады. Бағдарламаға сай, сабақ барысында «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» қолдануда «диалогтік оқыту» тәсілін басшылыққа алдым. Оқушылар диалогтік тәсілді қолдана отырып, мысалы: талқылау, білімді бірлесіп құру, түсіну мен дағдыларды қалыптастыру арқылы білім алады. Гүл беру ойынын өткізгенде бір оқушы екінші оқушыға гүлді сұрақ қою арқылы берді, екінші оқушы сұраққа жауап беріп келесі оқушыға гүлді жалғастырады. Бұл жерде дәстүрлі сабақтан өзгешелік оқушылардың сұрақты өздерінің қоюы. Сабақтарымда оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында, әр сабақтың тақырыбын ашу үшін сұрақ-жауап, тексеру сұрақтарын дайындап жүрдім. Оқушылар өз сабақтарында тақырыпта не оқылатынын, нені білу керектігін, ненің  маңызды екенін түсініп сезінеді. Өткізген сабақтарымда сынып оқушыларының өзара дамыту мақсатында бірлескен сұхбатынан: оқушылардың білім деңгейінің қандай екенін көруге болады.  Әрбір сабақта оқушыларға сұрақтар қою арқылы, тақырып бойынша өз ойларын айтуға мүмкіндік бердім. Өзара талқылау арқылы, түрлі ойлардың болатындығын, бір-бірінің түсінуіне көмектесетінін көрсетті. Сұхбаттасу арқылы өз ойларын дәлелдеуге тырысты. Оқушылардың қандай деңгейде екенін түсінуге көмектеседі. Диалогтік тәсілдің оқушылардың ашылуына, ойын жеткізуіне, сөздік қорының молаюына көмектесетінін түсіндім. Мерсер мен Барнс зерттеушілік әңгіме мұғалімнің оқушыларды әңгімеге тарту кезінде өзара дамыту қажет болып табылатын әңгіменің түрі деп айтқан. Құстар мен Сүтқоректілер тақырыптарын өткенде құстардың жұмыртқасын қолдарына алып топпен зерттеушілік әңгіме жүргізді. Сүтқоректілер тақырыбын өткенде де, сүтқоректілердің суреттеріне қарап отырып зерттеушілік әңгіме жүргізді. Зерттеушілік әңгіме жүргізу үстінде:

1)    Әркім ақылға қонымды мәлімет ұсынады;

2)    әркімнің идеясы пайдалы ретінде бағаланғанымен, мұқият бағалау жүргізіледі;

3)    қатысушылар бір-біріне сұрақ қояды;

4)    қатысушылар сұрақ қояды және айтқандарын дәлелдейді, осылайша әңгімеде дәлелдеме көрінеді.

5)    топтағы қатысушылар келісімге жетуге тырысады (олар келісімге келуі де, келмеуі де мүмкін, ең бастысы – келісімге ұмтылу).

Сабақтарыма тағы бір өзгеріс әкелген « сыни тұрғыдан ойлау» модулі болды. Білімді бере салу оңай, ал оқушыны ізденуге үйрету қиынырақ, ізденіс барысында түйінді мәселелерді бекітуде сыни ойлауды, өз қызметіне сынмен қарауды үйрету қажет. Сабақтарыма тағы бір өзгеріс әкелген « сыни тұрғыдан ойлау» модулі болды. «Пазл ойынын», «айналмалы станциялар», «ой тастау», «құндылықтарды анықтау» стратегиялары арқылы оқушыларымды қызықтырып, белсенді, ойлай алатын, ашық болуға, бар болғаны төрт сабағымда азғантай болса да үлес қостым. Сүтқоректілер тақырыбын өткенде «құндылықтарды анықтау» стратегиясы бойын тапсырмабердім.

5-сурет                                     6-сурет

 

Бұл тапсырма оқушыларды сыни ойланып , бірлесіп жұмыс жүргізуге , бірін-бірі оқытуға үйретеді. Өткізген төрт сабағымда «талантты және дарынды балаларды оқыту» модулі бойынша дүкенші ойыны, деңгейлік тапсырмалар, шығармашылық жұмыстар «қызыл кітапқа тіркелген сүтқоректілер», біліміңді сына сияқты тапсырмалар бердім. Оқушылар үлкен қызығушылықпен орындады. Сүтқоректілер туралы Айнұр, Аружан деген оқушылар өте жақсы презентация орындап келіп, тақтада баяндағанда өзім таң қалдым. Бұл оқушылардың осыншама үлкен мүмкіндіктерге ие екендіктеріне қатты қуандым. Егер мен осы курсқа келіп өзгеріс енгізбегенде оқушыларым да бұрынғы ескі сарынмен қалып, менде оқушыларымның осындай мүмкіндіктерін байқамай жүре беретін едік.Оқушыларымның қызығушылығының артып жатқанын ата-аналары да байқап маған хабарласты. Гүлбанудың, Дананың, Айзаданың мамалары мектепке келіп қыздарының оқуға қаблеті мен қызығушылығы артқанын айтты. Мен оқып жатқан курс туралы және оның маңыздылығы туралы сөйлестім. Ол кісілерде маған тілектерімен, сәттіліктерін тілеп мені бір биікке көтеріп тастады. Адамдардың білім алуы жайлы болу үшін жауапты реакция мен мадақтау қажет, сондықтан бағалау ізгі болуы керек,  қайталап айтуға ұмтылысы болуы тиіс деген идея ұсынады. Бұл ұсыныстар менің сабақтарымда да болды.  Әрбір сабақ соңында жауаптарына қарай оқушы білімін бағаладым.

7-сурет                             8-сурет

9-сурет                                          10-сурет

 

Оқушылардың білімін бағалау олардың жауаптарын мұқият тыңдағаннан кейін, оқушының жеткен жетістігін талқылап бағалау өзара әрекеттесуіне әсер еткенін бақыладым. Әр сабақтан кейін оқушының жеткен жетістіктерін айтып мадақтау, қолдау, топ ішінде ізденістеріне табыс әкелгеніне, сәтті орындағандарына өзара баға беріп отырды. Кез келген тапсырмалар орындау кезінде оқушыларға өз пікірлерін білдіріп, талқылау үшін шамалы уақыт беру керек екенін ескердім. Оқушылар тапсырмалар мен сұрақтарды жеке, жұпта, шағын  топта –сыныпта талқылап, соңында қорғап отырды.  Оқушылардың бірін-бірі бағалауы, өзін өзі бағалауы, мұғалімнің формативті бағалауы бәріміз үшін де өзгеріс. Оқу мен оқыту процесіндегі тәжірибедегі өзгерістерді жүзеге асыру барысында оқушылармен жүргізілген сабақ барысында тәжірибе жайлы мектеп әкімшілігімен, мұғалімдермен оқушылармен әртүрлі деңгейде сұхбаттасулар мен әңгімелесулер, сабаққа талдаулар жүргізілді.  Мектеп әкімшілігі үлкен жобаның  нәтижелі болғандығына сенім білдірді. Ал сабаққа қатысқан мұғалімдерден: «сабақтан қандай әсер алдыңыз, түсінігіңіз қалай өзгерді?»  деген сұраққа жауап бергенде жаңа әдістердің тиімділігін, оқушыларға сұрақтар қою арқылы өз ойларын айтқызуға, ойлау қаблеттерін дамытуға болатынын, сабақтан тыс жұмыс жасауға толық мүмкіндіктер берілетіндігін көре алғанын айтса, жаңа әдістер оқушыларды сабаққа қызығушылықпен, ұйымдасқан түрде жұмыс жасауға, оқушылардың өздерін еркін ұстауға мүмкіндіктер берілгендігін айтты. Кейбір мұғалімдердің көзқарастары өзгере қоймағаны байқалды. Ал оқушылар тез өзгеріп, жаңа әдіс идеяларын қолдап, қолайлылығын, өздерінің, тіпті сыныптастарының не алғандығын, қалай әсер еткендігін өз жауаптарында толық көрсете алды. Оқушылар өз пікірлерімен таңғалдырды. Жаңа әдісті қолдайтындықтарын көрсетті.

Мен бұрынан да қалай еткенде оқушыға пәнді  жақсы игертіп, білім бере аламын? деп ойланатынмын, ал қазір мен осы оқушыны дұрыс түсіндім ба? ондағы көрінбей қалған қабілеттерін көре алмай қалған жоқпын ба? деп ойлайтын болдым, Оның әр жасаған іс –әрекетінен жақсы қасиеттерді табуға тырысатын болдым. Әрбір бала жанып тұрған шырақ. Ал ол шырақтың өшпеуі ұстаз қолындағы міндет. Жоғарыда көрсетілген модульдерді сабаққа кірістіру  барысында уақытқа бағыну және оқушылардың топтық жұмысқа дағдыландыру керек екендігін және енжар деген оқушының өзі де жауапкершілікті сезініп, топпен бірлесе отырып, белсенді қатысқанын байқадым.Топқа бөліп оқытудың басым оң жақтарына талдау жасасам, сыныпта немесе топта саналы ынтымақтастық қарым- қатынас орнады, бірнеше оқушылардың күш-жігерін біріктіру арқылы шағын топта жұмыс жасай білуге дағдыланды, нәтижелі қорытындысы қамтылған жұмыс жасауды меңгерді,  оқушылардың бірлесе жұмыс жасау барысында оқушы өзін-өзі анықтауына барынша жағдай туғызды, топпен жұмыс еңбек нәтижесімен тікелей алмасу мүмкіндігін берді, ал бұл айтылған тиімділіктердің барлығы оқушылардың сабаққа деген белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттырып, тұлғалық тұрғыдан өзгеруіне жағдай тудырды деп ойлаймын.Бұл әдіс тәсілдердің мақсаты бала әрекетінің нәтижесін бақылау мен бағалаудағы оң өзгерістер, сыни тұрғысынан қарастыру, өзара әрекеттесу барысында үнемі кінәламай ыңғайлы жағдай жасауға талпыну, оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес тапсырмалар беру, ақпараттық–коммуникациялық технологияларды үнемі сабағымызға пайдалану, талантты және дарынды оқушыларға қызықты жеке тапсырмалар беру арқылы оқыту, олардың өздеріне деген сенімін қалыптастыру. Менің өзгеруімді салыстыра қарайтын болсам, бұрын мәліметтерді тек өзім айтады екенмін, ал қазір ой салу арқылы түсіндіруге болатындығын түсіндім. Топтық жұмыстар, жұптық жұмыстар орындау арқылы оның тиімділігі топта әңгілесу жүреді, бір-бірімен пікірлесу арқылы білімін дамытады. Ой салу арқылы берген білімнің нәтижелі боларын түсіндім, оны түсіну себебім топтық жұмыстар нәтижесінде деп ойлаймын. Бұл семинарда нені ұққаным, аз болса да үшінші(негізгі) деңгей бағдарламасында  оқушыларды қалай оқу керектігін үйреніп, нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел уәждерін, нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды. Айтылғандай білімді, жан-жақты шәкірт  тәрбиелеу ұлт болашағы үшін кемелді іс болмақ деп білемін.

Мұғалім-зор тұлға, ол күннің құдіретті сәулесі сияқты. (К.Д. Ушинский). Сондықтан да біздің басты

міндетіміз- оқушылардың ізденушілік, шығармашылық қаблеттерін, дүние танымдық көзқарастарын тереңдету, ұйымшылдыққа, бірін-бірі сыйлауға үйрету. Сөзімді аяқтай келе, педагогикалық жұмысымыз нәтижелі болу үшін- жаңаша бағытта іске кірісейік- деп барлық әріптестерге тілек жолдаймын.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Мұғалімге арналған нұсқаулық  (3 деңгей) 3айлық «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012жыл.