Шешендік өнер

Сабақтың тақырыбы:   Шешендік өнер

Сабақтың мақсаты: а) Шешендік сөз туралы түсінік бере отырып ,сабаққа деген қызығушылығын    арттыру,негізгі мәселелерге көңіл бөлуге үйрету;

ә) Сауаттылыққа баулу,алған білімі негізінде шығармашылық қабілетін дамыту;

б) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты игерту.

Сабақтың әдісі:  лекция түрінде,сұрақ-жауап т.б.

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар т.б.

Пәнаралық байланыс: тарих,әдебиет

Сабақтың барысы:

                                       а) Ұйымдастыру кезеңі.

     Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру сыныптың тазалығына көңіл бөлу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау:

Өткен сабақтар бойынша білімдерін пысықтау.

б)  Жаңа сабақты түсіндіру:

      Шешендік өнер — өзінің нақты зерттеу нысанасы,белгіленген теориясы,сандаған жылдардан бергі тарихы бар пәндердің бірі.Қолданбалы пәндердің қатарына жататын шешендік өнер кешендік білім жүйесін құрайды.Бұл білім сөйлеу этикасын жетілдіру,тілді әлеуметтік қызметіне қарай жұмсай білу,өз пікірін жеткізу,сендірумен бірге сөз арқылы оқыту,тәрбиелеу мақсаттарын қояды. Шешендік өнер тек құрғақ  білімді жатқа білу емес,оның ерекшелігі де сол кез келген ортаның ыңғайына қарай сөйлеушінің өзін ұстай алуы,дұрыс ойын жеткізе алуы десек,аталған шарттар практиканы көп қажет етеді.

Шешендік өнер тарихы сонау ерте замандардан басталады.Адамзат баласы алғаш игерген әрі желісі үзілмей келе жатқан өнерлердің бірі.Оның тарихын білу халық тарихын білумен бірге,сөйлеу мәдениетін,әдебін үйрену,сөздерді дұрыс  таңдай алу ерекшеліктеріне жаттығу.Шешендік өнер қоғамның саяси-экономикалық,әлеуметтік негіздері қажеттіліктерінен туған.

Шешендік өнерді «риторика» терминімен де ауыстырып жатамыз.

Риториканың (грек тілінде rhetorire) алғашқы және негізгі мағынасы – шешендік өнер.Көне Грецияда шешендік өнерді,риториканы,үйрететін мұғалімді ритор деп атаған.

Шешендік өнерді қай халық та болсын меңгерген десек те,Эллада шешендік өнердің отаны деп есептеледі.Ежелгі Грецияда сөз өнерінің құдірет-қасиеті жоғары  бағаланды.

Тақтамен жұмыс:  1-жаттығу.Кестені толтырыңдар.Бос орынға не жазар едіңдер?

 

Шығармашылық тапсырма:  Мәтінді мұхият оқып шығыңдар да,түйінді сөзді дәптерлеріңе тез түсіріп алыңдар.Сосын кітапты жауып тастап,мәтіннің мазмұнын қысқаша жазып шығыңдар.

Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап  беремін.

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:  2-жаттығу. Оқып,сұрақтарға жауап жазып келуге беремін.