Шешендік сөз түрлері

Сабақтың тақырыбы:   Шешендік   сөз түрлері

Сабақтың мақсаты: а) Шешендік сөз түрлері  туралы түсінік бере отырып , оқушыларды шешендікке баулу;

ә) Сауаттылыққа баулу,алған білімі негізінде шығармашылық қабілетін дамыту;

б) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты игерту.

Сабақтың әдісі:  лекция түрінде,сұрақ-жауап т.б.

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар т.б.

Пәнаралық байланыс: тарих,әдебиет

Сабақтың барысы:

                                       а) Ұйымдастыру кезеңі.

     Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру сыныптың тазалығына көңіл бөлу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау:

Өткен сабақтар бойынша білімдерін пысықтау.

б)  Жаңа сабақты түсіндіру:

Қазіргі қоғамда қолданылатын шешендік сөздің өзін бірнеше түрге бөлеміз.

Шешендік сөз түрлері
Саяси-әлеуметтікАкадемиялықСот ісіндегіәлеуметтік-тұрмыстықДіни қызметтегі  әскери қызметтегісаудадағы
Қоғамдағы,

басқару, билік жүйесіндегі сөздер, конференция, митинг жиындардағы сөздер.

Лекция, ғылыми баяндама,

ғылыми шолу

Прокурор,

қорғаушы,

айыптаушы сөздер

Мерейтой, салтанатты дастархандағы сөздерУағыз, иманЖалынды, жігерлі үндеу сөздержарнама

 

 Кітаппен  жұмыс:  3-жаттығу.Кестені толтырыңдар.  

Дәуір, ғасыршешенЕңбектері
1Көне дәуір  
2 Цицерон 
3Көне дәуір  
4ХІХ ғасыр  
5 Спиноза 
6Көне дәуірКонфуций 

 

Білімді бекіту: Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоя отырып, түсінбеген сұрақтарына жауап  беремін.

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:  2-жаттығу. Оқып,сұрақтарға жауап жазып келуге беремін.