Шешендік сөздегі әдеби-эстетикалық ғибрат

Сабақтың тақырыбы:   Шешендік сөздегі әдеби-эстетикалық ғибрат

Сабақтың мақсаты:  а) оқушылардың ойын кеңейтіп,тілді байытатын мазмұнды да көркем сөз үлгілері мол шешендік сөздерді үйрету;

ә) оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық, қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру;

б) сабақ барысында оқушылардың білімін бақылау арқылы сауаттылыққа баулу.

Сабақтың түрі:                            аралас сабақ

Сабақтың әдісі:                           сұрақ-жауап,тіл дамыту т.б.

Сабақтың көрнекілігі:               кітаптар

Пәнаралық байланыс:              тарих,әдебиет

Сабақтың барысы:

                                       а) Ұйымдастыру кезеңі.

             Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Шешендік сөз дегеніміз не?

2.Шешендік сөз сапалары дегеніміз не?

3.Шешенге қойылатын қандай талаптарды білесіңдер?

б)  Жаңа сабақты түсіндіру:

      Шешендік сөздердің мақсат-міндеттерінің қатарына елді басқару ісінде,саяси дипломатияда қолдану,қоғамдық орындарда,жиын-жиналыстарда сөйлеу сияқты негізгілерін алдық.Бұндай шешендік сөздердің лексика-грамматикалық,стилистикалық,әдеби,саяси,қоғамдық өзгешеліктерімен бірге атқаратын қызметтері де түрлі болады.

Шешендік сөздердің қызмет,міндеттерінің бірі ретінде рухани мәнін де айтуға болады.Сөздің эстетикалқ,тәрбиелік маңызының да қажеттігі ескеріледі.

Сөз – қай ғасырда болсын тәрбие құралы.Шешендік сөз қоғамдағы келеңсіздікті сынап,топ алдына шығара айта алатын тәрбиелік қызметімен де ерекше.Кез келген шешендік сөз бір ұлт,ел, көпшілік сөзін сөйлеп немесе белгілі бір топ мақсат-мүддесіне қарай құралады.Ұлтты,халықты,  топты біріктіру үшін ортақ идеология керек.Идея көпшілік үшін құрылғанда көбіне-көп болашақ ізгі мұраттарды жүзеге асыру үшін жасалады.Осытұрғыдан алғанда шешендік сөздер ынтымақ,бірлік,достыққа ұйытушы болса,ортақ мақсатқа,кісілікке бағыттауда тек сыйластық,кішілік,адалдық сияқты адамгершілік қасиеттер басты назарға алынады.

Шешендік сөздегі көркемдік құралдардың мол қолданылуы,ойдың көркем болуымен бірге,тыңдаушыға эмоциялық әсерлі екендігін де ескереді.Көркем сөз,кестелі ой айтушы – тыңдаушы арасында этикалық қатынас орнатары сөзсіз.Әрі қазақтың шешендік өнерінде кездесер тәлімі мол,үйретері көп ғибраттар – бүгінгі күні де тәрбие құралы.

Шешендік сөздің мән-маңызын нақыл сөздер мен мақал-мәтелдерден де анық танимыз.Дау-дамай үстінде бірлік,ынтымаққа шақырған,ұрыс,қақтығыс кезінде бітімге тартқан сөздер ел есінде сақталып,адамгершілік пен ізгілік жолы блып қалыптасты.Кейінгі ұрпаққа мұра болып қалған тағлымды сөздер тәрбиенің бай тәжірибесін,елдің салт-сана,дәстүр,жол-жобасын туғызды.Бұның өзі халықтың қоғамдық ортада қалыптасқан  заң нормаларымен ұстанымдары болып есептеледі.

Шешендік сөздердің қай-қайсысын оқысақ та,табарымыз – биік мораль талаптары:ата жолын ардақтау,ел намысын қорғау,сөз асылын қастерлеу,үлкенді сыйлау,ізгілік қасиеттерді бойға жинау,т.б.

Шешендік сөздердің есте жақсы сақталуы оның ұйқаспен айтылуы,үндестік,құрылымындағы  тұтастық сияқты белгілерімен байланысты.Ұйқаспен, өлең болып құйылып келетін шешендік сөздер ғибрат ретінде ойға қонса,жыр сүйер халыққа өнер туындысы ретінде де бағалы.

 

Жаттығумен жұмыс: 9-жаттығуды жазып,қарамен жазылған сөз тіркестері мен сөйлемдердің мағынасын ашыңдар

Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына  қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: 10-жаттығу. Берілген тақырыпқа әңгіме құрастырыңдар.