Сөз өнері — өмір өрнегі

Сабақтың тақырыбы:  Сөз өнері — өмір өрнегі

Сабақтың мақсаты: 1) оқушылардың сөз өнері бойынша білімдерін байқау;

2) тіл мәдениетіне тәрбиелеу;

3) ойлау қабілеттерін дамыту.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,сайыс.

Көрнекілік: тіл туралы қабырға газеттері.

Техникалық құрал: графапроектор,магнитофон.

Сабақтың барысы.

 

Жүргізуші сөзі. Бүгінгі сайысымыздың тақырыбы «Сөз өнері -өмір өрнегі» деп аталады.Сайысқа екі топ қатысады: бірі – «Бәйтерек», екіншісі – «Хантәңірі». Сайысымыз 3 кезеңнен, 6 бөлімнен тұрады. І. Лингвистика ІІ. Әдебиеттану ІІІ. Саз өнері ІV. Полиглот IV. Мақал – сөздің мәйегі. VI.Зияткерлік.

Енді, «Бәйтерек» тобы бір нөмірді таңдасын (1-ден 6-ға дейінгі). Таңдаған нөмірі бойынша бөлімі,сұрағы оқылады.

 

І. Лингвистика

 

  1. «Тіл білімінің негіздері» кітабының авторы.
  2. «Ілгерінді ықпал» сөзінің ғылыми тілдегі атауы.
  3. Қазақ тіліндегі бастауыш,баяндауыш,етістік т.с.с. терминдерді ойлап шығарған ғалым.
  4. «Сингармонизм» қай елдің сөзі,анықтамасы.
  5. -ды,-ді,-ты,-ті формасының алуан түрлі қызметі.
  6. Эвфемизм дегеніміз не?
  7. «Мыс» шылауының сын есім тұлғалас сөзін табыңыздар.

а) мысқа сұраныс    ә) айтыпты-мыс   б) жасамыс  в) мысы басылды   г) мыс өндіру

  1. Бірігу арқылы жасалған жұлдыз аты.
  2. Қазақ әліпбиі қашаннан бастап орыс әліпбиіне көшті

 

ІІ.Әдебиеттану

 

  1. Қазақ әдебиеті тарихы неше кезеңге бөлінеді,атаңыз.
  2. Әдебиет теориясының негізін салған кім?
  3. Редифті ұйқас дегеніміз не?
  4. Эпитетті тіркес құраңыз.
  5. … тіршілік, … күн, … жаз, … аспан, …көл;
  6. … қоңып, …жымыңдаған, …үнсіз сұлу, … көркем, … жұпар.
  7. В.В.Радлов неміс тіліне аударған жыр.
  8. Абай шығармаларының тұңғыш жинағы қай жылы шықты?
  9. VІІІ ғасырда Сыр бойында өмір сүрген ақын,күйші,аңыз кейіпкері кім?
  10. Қазақ халқының ауыз әдебиетін зерттеген қай батыр жазушы?
  11. М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы қай жылы Лениндік сыйлыққа ие болды?

 

 

 

ІІІ. Саз өнері

 

Үнтаспадағы әнді тыңдап,авторын,әннің атын табу керек.

 

  1. Полиглот

 

Жұмбақты шешіп,жауабын қазақ,орыс,ағылшын тілдерінде айтады.

  1. Аяғы жоқ жүреді,Өзі сылқ-сылқ күледі.
  2. Мұрты бар,сақалы жоқ.Тоны бар,шапаны жоқ.
  3. Ұйықтайды ұлы түнде,күндіз қызы,Жүргенде білінбейді басқан ізі.
  4. Бес ін,бес іннің аузы бір ін.
  5. Үй үстінде ұсақ тас.
  6. Қашсам – құтылмадым,Ұстасам – қолыма тұрмады.
  7. .Жүзбе-жүз жолықтым,Тілдесе алмай торықтым

 

  1. Мақал – сөздің мәйегі

 

Жалғасын табыңыздар.

  1. Еңбек етпесең,елге өкпелеме … (Егін екпесең,жерге өкпелеме)
  2. Татулық — … (табылмас бақыт)
  3. Жолдасы жақсы жолды болар, … (Жолдасы жаман қолды болар)
  4. Еңкейгенде еңкей,басың жерге жеткенше … (Шалқайғанша шалқай,төбең көкке жеткенше)
  5. Мақтаншақ бар ақылын … (мақтанып) тауысады.
  6. Тұлпар шаба жетіледі … (Сұңқар ұша жетіледі)
  7. Армансыз адам … (қанатсыз құспен тең).

 

  1. Зияткерлік

 

  1. «Жұмбақ сәбіз». Ыдысқа салған сәбіз әкелінеді.

Тапсырма. Алдымен сәбіздің қасиетін іштей саралап алып,ерекшелігін жұмбақ етіп жеткізуге тырысыңдар.

2.«Ғажайып алма». Шарты: ыдысқа салынған алма әкелінеді. «Алма» деген сөзді қатыстырып,фантастикалық тіркестер құрастыр.Соны қатыстырып,шағын ерегі шығар.

  1. Өлең құрастырып көріңіздер:

… көңілдегі

… өмір лебі

…жасыл әлем

…өңімдегі.

 

Жүргізуші. Сонымен,бүгінгі ойынға қатысқан «Бәйтерек» және «Хантәңірі» топтарының ұпай санын білу үшін сарапшыға сөз береміз. (Сарапшы әр топтың ұпай санын айтады,жеңімпаз топ марапатталады).

Қымбатты ойыншылар,көрермендер! «Сөз өнері — өмір өрнегі» атты сайысымызға қатысқандарыңызға рахмет айтамыз. Қазақ тілі,әдебиетінің мәртебесін өсіруге өз үлестеріңізді қосады деген сенімдеміз.