Пікірталасқа дайындық

Сабақтың тақырыбы:      Пікірталасқа    дайындық

Сабақтың мақсаты:  а)  пікірталастың түрлері   туралы түсініктерін кеңейту. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру;

ә) сөйлеу тілін,сөз мағынасын түсініп,шапшаң ой қорыта алуға,көркем ұқыпты жаза білуге дағдыландыру;

б)  оқушылардың тілдерін бұрмаламай анық, таза сөйлеуге машықтыру;

Сабақтың түрі:                             аралас   сабақ

Сабақтың әдісі:                           сұрақ-жауап,түсіндіру,пікірталас т.б.

Сабақтың көрнекілігі:               кітаптар, газет-журналдар

Пәнаралық байланыс:              тарих,әдебиет

Сабақтың барысы:

                                       а) Ұйымдастыру кезеңі.

                 Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

 

б)  Жаңа сабақты түсіндіру:

Көпшілікпен сұхбат немесе жеке адамдармен пікірлесу, пікірталасқа түсуде алдын-ала дайындықтан өткенде нәтижелі болары сөзсіз. Көпшілікпен, жеке адамдармен пікірлесу,пікірталастыру үшін дайындықтың бірнеше кезеңдерін көрсетуге болады.

Күнделікті дайындық. Баспасөз құралдарын қадағалау,ғылыми, публицистикалық,көркем әдебиеттер оқу, ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтарынан хабардар болу, қоғамдағы саяси,әлеуметтік істерді ой елегінен өткізіп,баға беріп отыру, т.б Күнделікті тұрмыста алынатын мәлімет, білімді орнымен пайдалану қажет. Қызметі,жұмыс ыңғайы көпшілікпен қарым-қатынасқа негізделген адам үшін дайындыққа төмендегілерді  айтуға болады.

-көркем әдебиеттерден цитата,үзінді, мысалдар жинау;

-мақал-мәтел,қанатты сөздер жаттау;

-сөйлеу техникасына жаттығу:

-сөйлеуде әдеп нормаларын сақтау;

-шешендік өнердің теориялық,әдістемелік негіздерін меңгеру.

 

Шығармашылық тапсырма:    Қарама-қарсы екі топ құрып: 1-топ-жастар атынан; 2-топ- қарттар атынан «Жастар-ұлт болашағы» деген тақырыпта пікірталас өткізіңдер.

 

Білімді бекіту:  . Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоя отырып, түсінбеген сұрақтарына жауап  беремін.

 

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына  қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: 25-жаттығу.