Белгілі бір тақырып бойынша сөйлеуге дайындық

Сабақтың тақырыбы:       Белгілі бір тақырып бойынша сөйлеуге дайындық

Сабақтың мақсаты:  а)  пікірталастың түрлері   туралы түсініктерін кеңейту. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру;

ә) сөйлеу тілін,сөз мағынасын түсініп,шапшаң ой қорыта алуға,көркем ұқыпты жаза білуге дағдыландыру;

б)  оқушылардың тілдерін бұрмаламай анық, таза сөйлеуге машықтыру;

Сабақтың түрі:                             аралас   сабақ

Сабақтың әдісі:                           сұрақ-жауап,түсіндіру,пікірталас т.б.

Сабақтың көрнекілігі:               кітаптар, газет-журналдар

Пәнаралық байланыс:              тарих,әдебиет

Сабақтың барысы:

                                       а) Ұйымдастыру кезеңі.

                 Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Пікірталас дегеніміз не?
  2. Пікірталастың қандай түрлері бар?

б)  Жаңа сабақты түсіндіру:

Нақты бір тақырып бойынша сөйлеуді шешендік өнердің бір түрі деп те қарастырады. Оның төмендегі бөліктерін жетік түсініп,басты сипаттарын аша алғанда нәтижелі болары сөзсіз.

Дайындық түрлері:

-сөздің жазбаша мәтінін дайындау;

-мәтінді бірнеше рет дауыстап,мәнерлеп оқып дағдылану;

— қажетіне қарай кейбір тұстарын жаттап алу керек десе,келесі бір сөз шеберлері:

-тезис немесе жоспарын жасау;

-мәтіннің негізгі бөліктерін ғана жазу,яғни тірек бөліктерін әзірлеу;

Қалай болғанда да,ойды дәл жеткізе білу,тақырып мәнін ашу жоспар құрудың маңызы ерекше.

Жаттығумен жұмыс: 28-жаттығу. Кестені толтырыңдар.

 

Қорытынды түріҚолданылатын сөздер мен тіркестерТақырып
1Жалпылама қорытынды«Сонымен», «Ендеше» 
2Тыңдаушыларды нақты бір іске жұмылдыру«Біріншіден»,  «Екіншіден» 
3Тыңдаушыларға алғыс айту«Тыңдағандарыңызға», «Көңіл қойғандарыңызға» 
4Юмормен аяқтау«Бірде Қожанасырдан сұрапты» 
 5Мадақтау, көңіл көтерумен аяқтау«Сіздерге үміт артуға болатынына сенемін» 

Білімді бекіту:  . Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоя отырып, түсінбеген сұрақтарына жауап  беремін.

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына  қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: 29-жаттығу.