Дебат өткізуге дайындық

Сабақтың тақырыбы:             Дебат өткізуге дайындық

Сабақтың мақсаты:   білімділік –  Дебат өткізу , оның ережелері   туралы түсінік беру;

тәрбиелік – жастарды елжандылыққа,ұжымшылдыққа тәрбиелеу;

дамытушылығы – іскерлік белсенділіктерін,ойлау қабілетін ауызша және жазбаша талдаулар арқылы дамыту,сөйлеу мәдениетін қалыптыстыру.

Сабақтың түрі:                               дебат  сабақ

Сабақтың әдісі:                           сұрақ-жауап,түсіндіру,  жарыс т.б.

Сабақтың көрнекілігі:               кітаптар, газет-журналдар

Пәнаралық байланыс:              тарих,әдебиет

Сабақтың барысы:

                                       а) Ұйымдастыру кезеңі.

                 Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

 

б)  Жаңа сабақты түсіндіру:.

1.Аталған тақырыптың бірін таңдап алу.

  1. Көзқарастары сәйкес келетін сөйлеушілерді белгілеу.
  2. Дәлелдейтін тезистерін анықтау.
  3. Дебетқа қатысушылардың бір-біріне сыпайы түрде «сіз» үлгісінде тілдесу.
  4. Регламент сақтау.
  5. Қарсылас сөзін бөлмей,соңына дейін тыңдау.
  6. Қарсыласқа сұраққа жауап берген соң,алғыс айту.
  7. Егер қарсылас сұрағына жауап бере алмаса, соңында қорытынды сөзде жауап беруді ұмытпау.
  8. Қарсылас сөзінің соңын көрермендермен бірге қолпаштап отыру (қол шапалақтау)
  9. Соңында өз топ мүшелерінің , қарсыластарының қолын алып, алғыс айту. Дебатқа түсушілер «Әркімнің өз пікірі өзіне құнды» деген қағиданы ұмытпағаны жөн.

Шығармашылық  жұмыс:    Үш топқа бөлініп   «Ренжіспей өмір сүруге бола  ма?» тақырыбына   дебет ұйымдастырыңдар.  Екі топ тақырыптар бойыеша сөйлейді.  «Ренжіспей өмір сүруге болады»,  «Керіссіз де келісімнің жолы бар»  ал, үшінші топ талдау жасай отыра, оларды әділ бағалайды.

 

Білімді бекіту:  . Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоя отырып, түсінбеген сұрақтарына жауап  беремін.

  1. Пікірталастың пікіралмасудан қандай айырмашылығы бар?
  2. Ойталқы дегеніміз не?
  3. Дебат дегеніміз не?
  4. Жарыссөз дегеніміз не?

 

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына  қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:    қайталау