Пікірталасқа қажет білім мен білік негіздері

Сабақтың тақырыбы:     Пікірталасқа қажет білім мен білік негіздері

Сабақтың мақсаты:  а) түрлі әдістерді пайдалана отырып,оқушыларды тапқырлық, жылдамдық, ізденімпаздық қасиеттерге баулу;

ә) сөйлеу тілін,сөз мағынасын түсініп,шапшаң ой қорыта алуға,көркем ұқыпты жаза білуге дағдыландыру;

б) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып, оқушыларды  елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:                            дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі:                           сұрақ-жауап,түсіндіру т.б.

Сабақтың көрнекілігі:               кітаптар, қосымша материалдар т.б  электронды оқулық

Пәнаралық байланыс:              тарих,әдебиет

Сабақтың барысы:

                                       а) Ұйымдастыру кезеңі.

     Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

б)  Жаңа сабақты түсіндіру:

Пікрталас-шешеннің сыналар орны. Ең бастысы шешеннің аудиторияны қызықтыруы. Ол үшін шешен аудитория ерекшелігін жақсы білуі әрі соның сипатына қарай әрекет етуі қажет.

Аудитория түрлері

Жасына қарай Дайындық деңгейіне қарай Кәсіби белгісіне қарай Көлеміне қарай Гендерлік белгісіне қарай Ұлттық белгісіне қарай
Балалар Жақсы дайындалған Нақты ғылым өкілдері Үлкен ерлер Түрлі ұлттар
Орта жастағы Орта дайындық деңгейінде гуманитарлық орташа әйелдер Бір ғана ұлт өкілдері
Үлкендер Дайындығы төмен Оқушылар, жұмысшылар шағын    

 

 Шығармашылық тапсырма: «Білім-ұлттың болашағы» атты тақырыпта пікірталас өткізіңдер. Мынадай рөлдерді бөліп алыңдар: ғалым, ата-ана, жас ұрпақ

 

Жаттығумен жұмыс:  39-жаттығу. Мәтінді айтылу сазымен оқыңдар.

 

Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

 

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына  қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:   «Қыз көркі-сыпайы мінезі» тақырыпта пікіралмасуға тезис әзірлеп келу.

 

Бөлісу
Алдыңғы мақалаТест тапсырмалары
Келесі мақалаАйтыс