Қайталау

Сабақтың тақырыбы:           Қайталау

Сабақтың мақсаты:   білімділік – оқушылардың  пікірталас  тарауынан  алған теориялық білімдерін қайталау және іс жүзінде қолдану жолдарын деңгейлік тапсырмалар арқылы анықтау;

тәрбиелік – жастарды елжандылыққа,ұжымшылдыққа тәрбиелеу;

дамытушылығы – іскерлік белсенділіктерін,ойлау қабілетін ауызша және жазбаша талдаулар арқылы дамыту,сөйлеу мәдениетін қалыптыстыру.

Сабақтың түрі:                              қайталау

Сабақтың әдісі:                           сұрақ-жауап,түсіндіру т.б.

Сабақтың көрнекілігі:               кітаптар, қосымша материалдар т.б

Пәнаралық байланыс:              тарих,әдебиет

Сабақтың барысы:

                                       а) Ұйымдастыру кезеңі.

                 Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

 

б)  Жаңа сабақты түсіндіру:.

Жаттығумен жұмыс:   43-жаттығу    Шалкиіз  ақынның жақсы мен жаман жігітіне сипаттама беріңдер

 

Жақсы жігіт                                     Жаман жігіт

 

 

 

 

 

 

Шығармашылық тапсырма

Үш топқа бөлініңдер: 1-топ «реалистер» ,2-топ  «пессимистер»,  3-топ «оптимистер» әр топ өз міндеттері бойынша мұқият дайындалып, «замана» тақырыбына сөйлесін. .

 

Тақтамен жұмыс:     Тақтаға бірнеше сөйлем жазып сатылай кешенді талдау жүргізеді.

 

Білімді бекіту:  . Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоя отырып, түсінбеген сұрақтарына жауап  беремін.

  1. Пікірталас дегеніміз не?
  2. Пікірталастың қандай түрлері бар?
  3. Ойталқы дегеніміз не?
  4. Ақпарат пен жарнаманың қандай айырмашылығы бар?

 

 

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына  қарай білімдері бағаланады.

 

Үйге тапсырма:  қайталау.