Шәкәрім Құдайбердіұлы

Сабақтың тақырыбы:               Шәкәрім Құдайбердіұлы

Сабақтың мақсаты:

а)   Шәкәрімнің өмірінен өзінің «Мұтылғанның өмірі атты»  ғұмырнамалық дастанынан  үзінділер оқыту арқылы таныту;

ә)  әдебиеттің әр жанрында жазған шығармаларынан үзінділер оқытып,оны баяндай білу қабілеттерін дамыту;

б) Ұлтымыздың ұлыларының еліне еткен еңбегін  бағалай білуге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі:      жаңа материалды меңгерту сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру,топтау ,баяндау т.б

Сабақтың көрнекілігі:,    Шәкәрімнің суреті ,үнтаспа, дидактикалық материалдар  т.б

Пәнаралық байланыс:          тарих

Сабақтың барысы:

                                          а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                           ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге  өлең шумақтарын құрылысына қарай талдап келуге берілген соны тексеріп, «Абай кім?»  танымдық сызбаны толтырады.

                                            б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Абай дәстүрін алғастырушы қазақ халқының аса қөрнекті ақыны, ойшыл ғалымы Шәкәрім Құдайбердиев 1858 жылы 24 июльде бұрынғы Семей уезіне қарасты Шыңғыстау болысының Кеңбұлақ деген жерінде дүниеге қелді. Әкесі Құдайберді Құнанбай баласы, ұлы ақын Абайдың ағасы, шешесі-Қаракесек руынан шыққан Алдаберген есімді қісінің қызы. Аты-Төлебике. Ол өзінің қолының ашықтығымен, қөпшілдігімен, қайырымдылығымен, дастарқанының молдығымен елдің ықылас ілтипатына бөленіп, кейін келе Дәметкен атанып қеткен мейірімді жан болатын. Шәкәрімнің ерекше ақылдылығы басқа балалардан өзгешелігі 4-5 жасынан-ақ байқалады. Әқесі оны бес жасында өз ауылындағы молдаға арабша оқуға береді

Абай, Сұлтанмахмұт, Сәкен,Ілиястар сияқты Шәкәрім де қазақ поэзиясының өркендеуіне үлес қосты.XIX ғасырдың соңы мен  XX ғасырдың басындағы прозаның дамуына Шәкәрімнің прозалық туындылары «Түрік,қазақ,қырғыз һәм хандар шежіресі», «Мұсылмандық шартты трактаттары», «Бәйшешек бақшасы» әңгімелер топтамасы бар.

Шәкәрім өлең-жырларын ұшқырлай  түсу үшін олардың көбіне ән жазған.

Дәптермен жұмыс:  .Дәптерлеріне Шәкәрімнің өлеңдерін аудармаларын,поэмаларын жазады.

Білімді бекіту: Жоғарыда оқылған үзінділерден ой қорыту. Оқушы Шәкәрімнің шығармашылығының  қандай түрлерін біліп шықты.

Мысалшы          ақын                                                                    нақыл сөзші

аудармашысазгер

дастан жазған

 

Білімді бағалау:

Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:     Ш. Құдайбердіұлының өмірбаянын оқып келу.