Мағжан Жұмабаев «Қысқы жолда»

Сабақтың тақырыбыМағжан Жұмабаев  «Қысқы жолда»

 Сабақтың мақсаты:    а)    Мағжан Жұмабаевтың жыр әлемімен танысу,поэзияның тереңіне бойлау;

                ә)  өлеңнің,сөздің астарына,қыр-сырына мән беруге,идеясын түсініп,бағалай білуге баулу;

б)     оқулық және қосымша материалдар деректерін тиімді пайдалануға,ойын еркін айтуға,өз пікірін қорғап,айқын да айшықты тілмен сөйлеуге машықтыру;

Сабақтың түрі:                    жаңа    сабақ.

Сабақтың әдісі:                   сұрақ-жауап, жинақтау,мәнерлеп оқу,     баяндау, т.б

Сабақтың көрнекілігі:,     кітаптар,тірек сызба,сурет    т.б.

Пәнаралық байланыс:          қазақ тілі,тарих

Сабақтың барысы:

                                          а) Ұйымдастыру кезеңі:

                      Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

           Үйге берілген  тапсырманы    сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

 

б)   Жаңа сабақты түсіндіру:

МағжанЖұмабаевтың өміріне шолу жасау.

  1. «Қысқы жолда» өлеңін мәнерлеп оқып шығу.
  2. Түсінік беру
  3. Мәтінмен жұмыс

(өлеңді сатылай кешенді талдау)

  1. «Қысқы жолда»
  2. Өлең.
  3. 5 шумақ
  4. 21 тармақ
  5. 8 бунақ
  6. 7-8 буын
  7. аралас ұйқас (а-а-б-б-в-б-г-в)
  8. а)Эпитет «Құлағын қайшыландырып».

ә) Кейіптеу «Екі иімінен дем алып», «Сақ-сақ күледі,долданып», «кебін жамылып», «Екі санын шапақтап»

б) Теңеу. «Аңдай ұлып»

  1. Қаракөк-аттың аты
  2. Өлең табиғаттың қаталдығы адамға, малға қауіпті екенін білдіреді.
  3. Сонымен «Қысқы жолда» өлеңінде қай мезгіл туралы айтылған?

Қазір  жылдың қай мезгілі?

Қыс туралы тағы қандай ақынның өлеңін білесіңдер?  (Абай)

Вен диаграммасы:        қыс пен жаз мезгілдерін салыстыру

 

 

 

 

 

 

 Білімді бекіту:  1 «Тез тап» психологиялық тренингі

  1. Шыққан сөйлем арқылы сабақты қорытындылау

Білімді бағалау : Оқушылардың  жауаптарына  қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма :  Өлеңді жаттау. Қыс туралы әңгіме жазу,сурет салу