Міржақып Дулатов «Оян қазақ»

Сабақтың  тақырыбы :             Міржақып Дулатов  «Оян қазақ»    

Сабақтың мақсаты :  а)     Міржақып Дулатовтың  жыр әлемімен танысу,поэзияның тереңіне бойлау;

                                              ә)  өлеңнің,сөздің астарына,қыр-сырына мән беруге,идеясын түсініп,бағалай білуге баулу;

б)     оқулық және қосымша материалдар деректерін тиімді пайдалануға,ойын еркін айтуға,өз пікірін қорғап,айқын да айшықты тілмен сөйлеуге машықтыру;

Сабақтың түрі:                    жаңа    сабақ.

Сабақтың әдісі:                   сұрақ-жауап, жинақтау,мәнерлеп оқу,     баяндау, т.б

Сабақтың көрнекілігі:,     кітаптар,тірек сызба,сурет    т.б.

Пәнаралық байланыс:          қазақ тілі,тарих

Сабақтың барысы:

                                          а) Ұйымдастыру кезеңі:

                      Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

           Үйге берілген  тапсырманы    сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

                                б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

1909 жылы Петербургте М. Дулатовтың «Оян, қазақ!» атты өлеңдер жинағы жарық көреді.

Өзінің алғашқы өлеңдерінен бастап туған халқының тағдырындағы қиындықтар мен ауыртпалықтардың сырына үңіліп, оның әлеуметтік тамырын әшкерелеуді мақсат еткен ақын Міржақьш «Оян, қазақ!» атты тұңғыш өлеңдер жинағьн мынандай өлең жолдарымен бастайды:

Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты,

Өткізбей қараңғыда бекер жасты.

Жер кeттi, дін нашарлап, хал һарам боп,

Қазағым, енді жату жарамас- ты.

Ресей патшасының отарлау саясаты, қазақ жұртының  хал-жағдайы, өнер-білімнің аздығы, басқа да түрлі қacipeттep осы төрт жолға сыйып тұрған секілді. Онын үстіне бұл жолдарды Міржақып шығармашылығының өне бойына тартылған темірқазық, идеяның басты бағдардың көрінісі деуге де болады. Ақын үшін халқының өмірін жырлаудан асқан мәртебелі тақырып жоқ. Көп өлеңдерінде ол қазақ елінің ауыртпалықтағы, отарлық езгідегі жағдайын баяндай келіп, елдің мүддесіне қызмет ету—әpбip азаматтың парызы деген тұжырым жасайды.

Кітаппен жұмыс:   Ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып, құрылысына қарай талдау жасайды.

3                    4                    5

Қазағым,// көрмегенің //әлі алдыңда                          1 шумақ

Боларсың// көне берсең// мұнан жаман.                     4 тармақ

Босында //аяқ-қолың// қимылдап қал,                         12 бунақ

Бір күнде// тыпырлауға// келмес шамаң,.                    12 буынды

 

Білімді бекіту :  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.  Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін  

  1. М.Дулатовтың қандай шығармаларын білесіңдер?
  2. «Оян қазақ» шығармасы не себепті қоғамда ерекше әсер қалдырып,неліктен елді дүр сілкіндірді?

Білімді бағалау:  Оқушылардың ынтасына,жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма :   Міржақып Дулатовтың  шығармаларын  оқып келу