Сұраулы сөйлем

Сабақтың тақырыбы:  Сұраулы сөйлем

Сабақтың мақсаты:

а)  Сөйлем оның түрлері туралы түсінік бере отырып,оқушыларды сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру;

ә) Сөйлеу тілін, сөз мағынасын түсініп,шапшаң ой қорыта алуға, көркем ұқыпты жаза білуге дағдыландыру

б) Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, щған құрметпен қарай алатын көзқарасқа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:                                  Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:                                 сұрақ-жауап, түсіндіру, топтастыру

Сабақтың көрнекілігі:                      плакат , кеспе қағаздар

Пәнаралық байланыс:                        әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын.

б)  Жаңа сабақты түсіндіру:

Бір нәрсе жайында сұрап білу мақсатында айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейді. Сұраулы сөйлемдер негізгі сұрақты, жетек сұрақты, анықтауыш сұрақты білдіреді.

Бір нәрсе, оқиға, іс туралы мәлімет алу үшін қойылған бастапқы сұрақты негізгі сұрақ дейміз.

Мысалы:   Сен тамақ іштің   бе?   Үйде   кім бар?

Негізгі сұрақ сұрау есімдіктерінен (Қашан? Кім? Қанша? Қайда? Неге? Кімде? т.б.) және ма, ме, ба, бе, па, пе шылауларының қатысуымен жасалады.

Негізгі сұраққа жауап алу үстінде қосымша туған ойға байланысты сұрақты жетек сұрақ дейміз.

Мысалы:

-Кеште кімдер өлең айттъі?

-Ұлдар өлең айтты.

-Қыздар  ше?

Жетек сұрақтар толымсыз болып қүралады, көбіне тек сүрақ мағыналы сөзден ғана тұрады. Жетек сұрақ ше шылауының қатысуымен жасалады.

 

Жаттығумен жұмыс:  19-жаттығу.  Мәтіннен сұраулы сөйлемдерді тауып,қандай сұрақ екенін анықтаңдар.

 

Топпен жұмыс:    21-жаттығу. 1-топ: Мәтін бойынша бірнеше сұрақ дайындаңдар. Ішінде негізгі сұрақ, , жетекші сұрақ , анықтауыш сұрақтар болсын.

2-топ:  Алдыңғы топтың сұрақтарына жауап береді.   

 

Білімді бекіту:        Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау:  Оқушылардың ынтасына  қарай білімдері бағаланады.

 

Үйге тапсырма:  22-жаттығу.