Лепті сөйлем

Cабақтың тақырыбы: Лепті сөйлем

Сабақтың мақсаты:  

                                а) Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету.Ойлау шеберлігін  сөйлеу мәденеиетін арттыру.

ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру.Сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу.

                                б) Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін Отанын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:   жаңа сабақты игерту

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,іздену,талдау

Сабақтың көрнекілігі: плакат, деңгейлік тапсырмалар т.б

Пәнаралық байланыс:  әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

. Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

                                                 б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Лепті сөйлемнің жасалу жолдары
Сөйлемнің етістік формалары арқылы жасаладыСөйлемде ақ,ау, ғой,ай шылауларының қатысыменКөңіл күйді білдіретін одағай сөздердің қатысуымен жасалады.Көтеріңкі дауыс ырғағы арқылы жасалады 
Мысалы: Ол жетіп келмесі бар ма !Аты ат-ақ екен!Па,шіркіннің сөзі!Жау жойылды! 

Айтушының түрлі көңіл-күйін білдіру мақсатымен айтылған сөйлемді лепті сөйлем дейміз. Лепті сөйлемдер-бір нәрсеге таңданғанда,өкінгенде,сұқтанғанда, күйінгенде, сүйсінгенде,қорыққанда,қуанғанда айтылатын  сөйлемдер

 

 Жаттығумен жұмыс: 24-жаттығу.  Мәтіндегі сұраулы лепті сөйлемді ажыратып, жасалу жолын түсіндіріңдер.

 Шығармашылық жұмыс: Өз-өзіңе сұрақ қойып,өзіңмен іштей жан тоғанысымен сөйлесетін кезің болды ма?  Ойланып көріңдер де, қағазға  түсіріңдер. Ішінде лепті сөйлем  болатын болсын.

Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. Сөйлемдер айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?
  2. Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
  3. Сұраулы сөйлем дегеніміз не?
  4. Лепті сөйлем дегеніміз не?        

Бағалау:Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

 

Үйге тапсырма:         25-жаттығу.  Хабарлы,сұраулы, лепті сөйлемдердің тыныс белгілерін қойып көшіріңдер.