Бұйрықты сөйлем
Сабақтың тақырыбы : Бұйрықты сөйлем
Сабақтың мақсаты:
а) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру.Сөйлеу тілін жетілдіре отырып,шешендік өнерге баулу.
ә) Оқушылардың ойын кеңейтіп, тілді байытатын мазмұнды да көркем сөз үлгілері мен мақал-мәтелдер,нақыл сөздер үйрену.
б) Оқушылардың бойына әдептілік, инабаттылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, тіл дамыту
Сабақтың көрнекілігі: плакат, деңгейлік тапсырмалар т.б
Пәнаралық байланыс: Әдебиет,орыс тілі
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын
- Сөйлемдер айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?
- Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
- Сұраулы сөйлем дегеніміз не?
- Лепті сөйлем дегеніміз не?
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Біреуге бұйыру не бірдеңені талап ету мақсатымен айтылатын сөйлемдерді бұйрықты сөйлем дейміз. Бұйрықты сөйлемдер бұйыруды, іске қосуды,кеңес беруді,жалынуды,тілек-өтінішті білдіреді. Бұйрық мәнін беретін-дауыс ырғағы және баяндауыш тұлғалары. Мысалы: Үйден шықпаңдар! Отты байқап отырсын.
Кітаппен жұмыс: 28— жаттығу. Мәтіннен бұйрықты сөйлемдерді тауып,жасалу жолдарына талдау жасаңдар
Тақтамен жұмыс: Тақтаға бірнеше сөйлемдерге синтаксистік,морфологиялық таладу жүргізеді.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.
Үйге тапсырма: Үйге «Менің борышым» атты тақырыпта шағын шығарма жазып келуге беремін.