Пысықтауыш

Сабақтың тақырыбы: Пысықтауыш

Сабақтың мақсаты: білімдік —   пысықтауыш  туралы білім деңгейін көтеру, тереңдету;

ә) дамытушылық — түрлі   әдістермен оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік шығармашылыққа баулу;

б) тәрбиелік — ұжымшылдыққа, нақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:                                    аралас сабақ .

Сабақтың әдісі:                                сұрақ-жауап,тіл дамыту, топтастыру

Сабақтың көрнекілігі:                     плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс:                 әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

                                а)    Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

б)     Жаңа сабақты түсіндіру.

   Пысықтауыш – етістіктен болған баяндауышты мекен,мезгіл,қимыл-сын мен себеп,мақсат жағынан айқындайтын сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі.Мысалы: «Ол үйге жүгіріп кірді» деген сөйлемде жүгіріп деген сөз Қайтіп? Деген сұраққа жауап беріп,қимылдың сынын білдіріп тұр.

   Пысықтауыштың негізгі белгілері: 1.Іс-қимылды мезгіл,мекен,мақсат,сын-қимыл,себеп,мөлшер ждағынан пысықтап тұрады. 2.Қашан? Қайда? Қалай? Неге? Не үшін? Неліктен? т.б. сұрақтарға жауап береді.  3.Байланысу түрлері – меңгеру,жанасу және қабысу.

Пысықтауыштың мағыналық түрлері және олардың жасалу жолдары:

Пысықтауыштың мағыналық түрлеріСұрауларыМысалдар
123
Мезгіл пысықтауыш

—          мезгіл үстеуінен

—          жатыс септігіндегі

мезгіл мәнді зат

есімнен

—      септік шылаулы сөзден

Қашан?

Қай кезде?

Қай уақытта?

Ол бүгін келеді.

22 наурызда күн мен түн теңеледі.

Таңертеңгі шайдан соң Абай әке қасынан шығып,Майбасарға келе жатты (М.Ә.)

Мекен пысықтауыш

—          мекен үстеуінен

—          атау,ілік,табыстан басқа септіктерде тұрған зат есімдерден

Қайда?

Қай жерде?

Қай жақта?

Қайдан?

 

Әжесі үйде қалды.

Қайсар биыл мектепке барады.

 

Біз қала маңынан келдік.

Мақсат пысықтауыш

—          мақсат үстеуінен

—          -ғалы,-гелі,-п тұлғалы көсемшелерден

—          Үшін шылауымен келген есім сөзден

Кім үшін?

Не үшін?

Неге?

Қандай мақсатпен?

 

Сәуле зат алғалы келді.

Ол әдейі кірді.

Мен осыны айту үшін сөйлестім.

Амал пысықтауыш

—          қимыл-сын үстеулерінен

—          еліктеуіштен

—          көсемше тұлғалы етістіктен

Қалай?

Қайтіп?

Қалайша?

 

Жиналыста шапшаң сөйледі.

Бала жүгіре-жүгіре шаршады. Бұл сөзді естігенде,ол сылқ-сылқ күлді.

Себеп пысықтауыш

-өткен шақтық есімшеден

Неліктен?                                                    Не себептен?Сен түсінбегендіктен айта алмадық. Ол қуанғаннан қозғалмай қалды.
Мөлшер пысықтауыш

— мөлшер үстеулерінен

— мөлшер мәнді сын есімдерден

Қанша?

Қалай?

Сабақта ұзақ сөйледі

Емтиханға жаппай кірді.

Тақтайды ұзын кес.

 

Жаттығумен жұмыс:       52-жаттығу.     Мына сөйлемдердегі біртектес сөздердің екі түрлі сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұрғанын түсіндіріңдер.

 Шығармашылық  жұмыс:   Мына үстеулерді қатыстырып сөйлем құраңдар да,  пысықтауыштың қай түрін жасағандарыңды табыңдар.

Күзде, қуаныш үстінде, тұс-тұстан, артта, арнайы, үйрену үшін, жатпай-тұрмай, күмілжіп

Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

 

Үйге тапсырма:    53-жаттығу