Жақты сөйлем

Сабақтың тақырыбы:     Жақты сөйлем                      

Сабақтың мақсаты:        а) оқушыларға  жақты сөйлем туралы  түсінікті тілмен оқушыларды қатыстыра отырып жан-жақты мәлімет беру;

ә)  сөйлемнің түрлерін түсіндіре отырып ұжымдық,деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың адамдық қасиеттерін дамыту;

б) оқушылардың белсенді ойлау қабілеттерін жандандырып, ОҮӨӘЖПТ арқылы сауатты жазу,оқу дағдыларын жетілдіру.

Сабақтың түрі:                                    аралас сабақ

Сабақтың әдісі:                              ой қозғау,  сұрақ-жауап,тіл дамыту, топтастыру

Сабақтың көрнекілігі:                     плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс:                 әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

                                             а)    Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

б)     Жаңа сабақты түсіндіру.

          Жақты сөйлем дегеніміз – бастауышы бар,жасырын тұрғанда да баяндауышы арқылы табуға болатын сөйлем.Мысалы: Арада сүт пісірімдей уақыт өтеді.Кенет отқа көзі түсіп кеткен Апақ таң қалып отыра кетеді: қара тастар жалын шашып жанып жатыр! Бұл сөйлемдердің бәрінде де бастауыш қатысқан: уақыт,Апақ,тастар.

Кейде бастауыш айтылмай,түсіп те қалады.Бірақ оны баяндауыш арқылы оңай табуға болады.Дос жүрегіне сенеді … Басқаны ауызға да алдырмаймын.  Бұл сөйлемдерде бастауыш айтылмағанмен,баяндауышына қарап,бірінші сөйлемде бастауыш – ол, екінші сөйлемде – мен деген жіктеу есімдігі екенін табуға болады.Ол дос жүрегіне сенеді.мен басқаны ауызға да алдырмаймын.

   Сонымен,құрамында бастауышы қатысқан жай сөйлемнің түрін жақты сөйлем дейміз.

 

Жаттығумен жұмыс:           70-жаттығу.  Көшіріп жазып,тұрлаулы мүшелердің астын сызыңдар да,олардың қай жақта байланысып тұрғанын айтыңдар.

71-жаттығу. Бастауышы айтылмай тұрған сөйлемдердің  бастауышын баяндауыш арқылы тауып,жақша ішіне қойып көшіріп жазыңдар.

 

Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. Сөйлемдер құрылысына қарай нешеге бөлінеді?
  2. жай сөйлем дегеніміз не?
  3. жақты сөйлем қалай жасалады?
  4. Бастауыш жасырын тұрса қалай табуға болады?

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

 

Үйге тапсырма:        72-жаттығу.