Жақсыз сөйлем

Сабақтың тақырыбы:     Жақсыз сөйлем                      

Сабақтың мақсаты:              а) оқушыларға  жақ сыз сөйлем туралы  түсінікті тілмен оқушыларды қатыстыра отырып жан-жақты мәлімет беру;

ә)  сөйлемнің түрлерін түсіндіре отырып ұжымдық,деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың адамдық қасиеттерін дамыту;

б) оқушылардың белсенді ойлау қабілеттерін жандандырып, ОҮӨӘЖПТ арқылы сауатты жазу,оқу дағдыларын жетілдіру.

Сабақтың түрі:                                    дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі:                                сұрақ-жауап,тіл дамыту,  шығармашылық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі:                     плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс:                 әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

                                а)    Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

б)     Жаңа сабақты түсіндіру.

Кейбір жай сөйлемдерде бастауыш мүлдем болмайды.Ондай жағдайда баяндауыштың өзі сөйлемге негіз болып тұрады. Менің айтқаным келді.бір жерде көргенім бар.

  Баяндауыштың бір өзі сөйлемге негіз болатын жай сөйлемнің түрін жақсыз сөйлем дейміз.

Жақсыз сөйлемнің жасалу жолдары
қы,-ғы,-кі,-гі жұрнақтары қалау райлы етістіктен боладыБарыс септік жалғауы тұйық етістіктен соң бол,жара,тура,кел

деген көмекші етістіктердің келуі арқылы жасалады  

Атау немесе барыс септік тұлғалы тұйық етістіктен соң керек,жөн,мүмкін деген бейтарап сөздердің тіркесіп келуі арқылы жасалады-ып,-іп,-п жұрнақтары көсемшеден кейін бол деген көмекші етістіктің болымсыз тұлғада келуі арқылы жасаладыҚұрамында бастауыш тұлғалы сөзі бар идиомдар жақсыз сөйлем болады
Абайдың ұғына түскісі келдіЕнді сізге айтуға тура келді.Біздің ашық сөйлесуіміз керек.Нені айтып отырғанын түсініп болмайдыЕнді біраздан кейін көз байлануға айналады.

Жаттығумен жұмыс:           73-жаттығу.  Көшіріп жазып, жақсыз сөйлемдердің қандай жолдармен жасалып тұрғанына талдау жасаңдар.

Шығармашылық жұмыс: Төменде берілген күрделі сөздерді баяндауыш етіп,жақсыз сөйлем құраңдар.

           Барғым келмеді, түсуге болмайды, кездесуі мүмкін, түсініп болмайды,  сөйлесуің керек, айтуға тура келді.

Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. Сөйлемдер құрылысына қарай нешеге бөлінеді?
  2. жай сөйлем дегеніміз не?
  3. жақты сөйлем қалай жасалады?
  4.  жақсыз сөйлем қандай жолдармен жасалады?

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма:        75-жаттығу.