Толымды және толымсыз сөйлемдер

Сабақтың тақырыбы:     Толымды және толымсыз  сөйлемдер                      

Сабақтың мақсаты:   а) Білімділік:  Толымды және толымсыз сөйлемдерден  алған теориялық білімдерін практикада қолдану; ауызша,жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып,білімдерін бекіту.

                                         ә) дамытушылқ:  ойлау қабілеттерін,қиялдарын дамыту; ой қорытып, нақты шешім жасауға үйретіп,өздеріне сенімдерін арттыру.

 б) тәрбиелік: сауатты жазуға,ұқыптылыққа баулу;топпен жұмыс жасап, бір-бірін тыңдай білуге үйрету;сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі:              Жаңа сабақты игерту.

Сабақтың әдісі:           жинақтау,талдау,сын тұрғысынан ойлау,сатылай кешенді талдау,т.б.

Сабақтың көрнекілігі:                     плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс:                 әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:       а)    Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

б)     Жаңа сабақты түсіндіру:

   Ойға қатысты сөйлем мүшелерінің барлығы қатынасқан сөйлемдерді толымды сөйлем дейміз. Мысалы: Шашубай мерген еді.Ол шиті мылтықпен кешке киік атып әкелді.

Бұл екі сөйлемде де айтушыға керекті сөйлем мүшелері түгел қатысқан.Бірінші сөйлем тек бастауыш пен баяндауыштан тұрса да,ой толық жеткізілген.Екінші сөйлемде ойға қажетті толықтауыш,анықтауыш,пысықтауыш,бастауыш,баяндауыш – түгел бар.Сондықтан бұлар – толымды сөйлемдер.

Толымсыз сөйлем деп ойға қатысты сөйлем мұшесінің бірі түсіп қалған сөйлемнің түрін айтамыз.Толымсыз сөйлемнің басты ерекшелігі түсіп қалған немесе қажет болған сөзді орнына қойғанда,толымды сөйлемге айналады.

Мысалы:

  • Төбе би кім болады?
  • Кім сайлайды бұны?
  • Ояздар ел кеңесіне беріп отыр дейді.
  • Жақсылар ынтымағы кімді ұйғарар екен?
  • Тобықты ола ма? Сыбан,Керей,Уақ бола ма?

Жауап сөзде тура толықтауыш (сайлауды),келесі сұраулы сөйлемде жанама толықтауыш (төбе биге),соңғы сұрақта бастауыштар (төбе би) түсіп қалған.

Толымсыз сөйлемнің жасалу жолдары екі түрлі:

1) Өзара желілес сөйлем тобында.

Қарлығаштар тағы (қайда?)келді. (нелер?),(қайда?) Тағы кетті. (нелер?) Қайта-қайта (қайда) келе берді.(нелер?) Келген сайын,ұяның аузы бүріліп,тарыла берді.

2) Сөйлемнің қажетті мүшелерінің айтылмай қалуы,әсіресе диалог «екі не бірнеше адамның сөйлесуі) жағдайында жиі кездеседі.қажетті мүшенің айтылмауы көбінесе оның алдыңғы сөйлемде айтылғандығына,жалпы,оның не екені белгілі болып тұруына байланысты.

Жаттығумен жұмыс:           80-жаттығу.   Берілген сөйлемдердің  толымды-толымсыз кекендігін анықтап, толымды сөйлем құрауға қатысқан сөйлем мүшелерін және толымсыз сөйлемдердің жетпейтін мүшелерін табыңдар.

Тақтамен жұмыс: Тақтаға бірнеше сөйлемдерге синтаксистік,морфологиялық талдау жүргізеді.

Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1.  Жақсыз сөйлем қандай жолдармен жасалады?
  2. Жалаң және жайылма сөйлемдер қалай жасалады?
  3. Толымды және толымсыз сөйлем қалай жасалады?

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма:        81-жаттығу.