Жай сөйлемнің түрлеріне арналған жаттығу жұмыстары

Сабақтың тақырыбы:  Жай сөйлемнің түрлеріне арналған жаттығу жұмыстары

Сабақтың мақсаты: білімділік – оқушылардың өткен тарау  жай сөйлемнің түрлері  тақырыбынан алған теориялық білімін пысықтау;

дамытушылық – оқушылардың іскерлігі мен біліктілік дағдыларын жетілдіре отырып,ойлау қабілетін,сөздік қорын дамыту;

тәрбиелігі – оқушыларға туыстық атаулар туралы ұғым бере отырып,алыс-жақынын тани білуге шақыру.

Сабақтың түрі:           аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,слайдтар,кестелер.

Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау стратегиялары элементтерін пайдалану,сұрақ-жауап,жаттығу

Пәнаралық байланыс:     әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

                                               а)    Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

б)     Жаңа сабақты түсіндіру:

Жаттығумен жұмыс:           87-жаттығу.   Мәтіндегі сөйлемдерді мағынасына және құрылымына қарай талдаңдар. Нені арман ететінімізді мәтінге сүйене отырып , кеңейтіп айтып көріңдер.

Топпен жұмыс:      88-жаттығу.  1-топ:    Әңгімедегі жай сөйлемнің түрлерін талдаңдар.

2-топ: Бейнелі сөздерді, фразелогизмдерді табыңдар.

Тақтамен жұмыс: Тақтаға бірнеше сөйлемдерге сатылай кешенді  таладау жүргізеді.

  1. Қайсысы жақсыз сөйлемнің жасалу жолына жатпайды?

А) –ғы,-гі,-қы,-кі тұлғалы қалау райлы етістік

В) Құрамында бастауыш тұлғалы сөзі бар идиомалар

С) Атау немесе барыс септігіндегі тұйық етістіктен соң    «керек», «мүмкін» сөздерінің тіркесуі

Д) Баяндауышы зат есімнен басталады.

Е) Барыс септігіндегі тұйық етістіктен соң «бол», «жара», «тура», «кел»  көмекші етістіктерінің тіркесіп келуі.

2Жақсыз сөйлемді тап.

А) Бүгін емтиханға дайындалу керек.           В) Жартастың басынан қарауытқан бір нәрселер көрінеді.

С) Ойнап сөйлесең де,ойлап сөйле.       Д) Ауыл маңы тып-тыныш          Е) Оқу—білім бұлағы

  1. Жақты сөйлемді тап.

А) Сенің балмұздақ жегің келе ме?            В) Оның айтқандарын түсініп болмайды

С) Бұл оқиғаны енді айтпасқа болмайды    Д) Оның үрейден төбе шашы тік тұрды.Е) Ертең сабаққа келесің бе?

  1. Жалаң сөйлем дегеніміз не?

А) Бастауыш пен баяндауыштан ғана құралған сөйлем.

В) Тұрлаулы мүшелерімен қатар,тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлем

С) Мазмұны толық берілген сөйлем.  Д) Бастауышы жоқ сөйлем  Е) Бастауышы әрдайым жасырын тұратын сөйлем

  1. Жайылма сөйлемді тап.

А) Мен барамын.      В) Айдала         С) Ол—сері жігіт        Д) Үй жап-жарық                 Е) Сендер қараңдар

  1. Қай сөйлем түрі екеуара сөйлескенде жиі қолданылады?

А) Толымсыз сөйлем      В) жақсыз сөйлем       С) жалаң сөйлем   Д) атаулы сөйлем     Е) жайылма сөйлем

  1. «Кең зал.Құжынаған халық.» -қандай сөйлем?

А) Жақты сөйлем    В) жақсыз сөйлем    С) жайылма сөйлем      Д) атаулы сөйлем   Е) Толымды сөйлем

  1. Бастауышы жасырын тұрған сөйлем қалай аталады?

А) жалаң         В) жайылма           С) жақты          Д) жақсыз          Е) толымды

  1. Тұрлаусыз мүшелердің болу-болмауына қарай жай сөйлемдер қалай бөлінеді?

А) жақты,жақсыз         В) атаулы       С) толымды,толымсыз         Д) жалаң,жайылма          Е) жай,құрмалас

10.Жалаң сөйлемге жетпей тұрған сөзді көп нүктенің орнына қойыңыз.  «……..оқып шықсын».

А) тез         В) ол             С) оған            Д) сенімен           Е) қайратпен

Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.                    Үйге тапсырма:         қайталау.