Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері

Сабақтың тақырыбы:           Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері                     

Сабақтың мақсаты:    а) Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері  туралы түсінік бере отырып,оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;.

ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру,сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу;

Сабақтың түрі:                                    дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі:                                сұрақ-жауап,  топтастыру, дамыта оқыту

Сабақтың көрнекілігі:                     плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс:                 әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

                                               а)    Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

б)     Жаңа сабақты түсіндіру:

        Салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің бір-бірімен мағыналық қарым-қатынасы әр түрлі болады.

Мысалы: Бұл уақыттың ішінде ел де өзгеріп кетті,адамдар да өзгерді.Мен өзімді көпті көрген көнемін деп шамалайтын едім, — баланың батыл жауабынан қысылып қалдым.Оның бұл халіне өзгеден гөрі Гүлнәрдің тынышы кетті,сондықтан ол Қызылордадан Алмалыққа біржолата көшіп келді.

Құрамындағы жай сөйлемдерінің бір-бірімен мағыналық қарым-қатынасына қарай,салалас құрмалас сөйлем алты түрге бөлінеді:

түрімысал
ЫңғайластықБиыл жайлауда болдым және ауылдағы ағаларымның үйіне бардым.Далада жел соғып тұр,әрі сіркіреп жаңбыр жауып тұр.Ол бөлмесіне кірді де,тарс бүркеніп жатып қалды.
ҚарсылықтыОның даусы жақсы,бірақ ән айтуды жақтырмайды.менің театрға барғым келмеді,әйткенмен оның көңілін қалдырғым келмеді.Есікті жауып қойған,сонда ол ішке кіруден үмітін үзген жоқ.
Себеп-салдарБиыл шөп қалың шықты,өйткені жаңбыр көп жауды.Қорадан мал ұрланыпты,сол үшін Базарбайды қатты соққыға жықты.
КезектесОлар біресе тоқтап демалады,біресе күн ұзақ жүріп алады.Балалар бірде футбол ойнайды,бірде өзенге барып шомылады.
ТалғаулыЕртерек үйге дәрігер шақыру керек немесе ауруханаға бару керек.Я болар жеріңді айт,я бізге килікпей тыныш жүр.Тезірек шөп ору керек,әйтпесе уақыт өтіп кетеді.
ТүсіндірмеліҚорыққаны сонша – орнынан тұра алмай қалды.Оның келмеген себебі мынау: кеше жұмыстан кеш қайтты.

Жаттығумен жұмыс:           98-жаттығу.   Сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдаңдар да, қайсысы жай сөйлем, қайсысы құрмалас сөйлем екенін анықтаңдар.

Тақтамен жұмыс: Тақтаға бірнеше сөйлемдерге синтаксистік және морфологиялық  талдау жүргізеді.

Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма:      Салалас құрмалас сөйлемге мысалдар жазып келу.