Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері

Сабақтың тақырыбы:     Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері

Сабақтың мақсаты:    а) Са бақтас  құрмалас сөйлемнің түрлері  туралы түсінік бере отырып,оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;.

ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық, есте сақтау қабілеттерін арттыру,сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу;

Сабақтың түрі:                                    аралас  сабақ

Сабақтың әдісі:                                  сұрақ-жауап,  топтастыру, дамыта оқыту

Сабақтың көрнекілігі:                     плакат, тірек сызбалар ,  деңгейлік тапсырмалар

Пәнаралық байланыс:                     әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

                                               а)    Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

б)     Жаңа сабақты түсіндіру:

    Сабақтастың жасалу жолы алуан түрлі болатыны сияқты,оның құрамындағы жай сөйлемдердің бір-бірімен мағыналық қарым-қатынасы да әр түрлі болып келеді;

Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлерінің ережесі мен сұрағын төмендегі кестеден көруге болады:

түріережесұрағы
Шартты

бағыныңқы

Бағыныңқы сөйлемі басыңқы сөйлемінің шарты болып келедіқайтсе? не етсе? қайткенде?            не еткенде?  қайтпейінше?
Қарсылықты

бағыныңқы

Бағыныңқысы басыңқы сөйлеміне қарама-қарсы болып келеді.қайтсе де? қайткенмен?                       не етпестен? не ете тұра? қайткенше?  не еткені болмаса?
Себеп

бағыныңқы

Бағыныңқысы басыңқы сөйлемнің себебін білдіреді.неліктен?не үшін, не себепті?          не деп?
Мезгіл                  бағыныңқыБағыныңқысы басыңқы сөйлемнің мезгілін білдіреді.қашан? қай кезде?                        қашаннан бері?
Қимыл-сын

бағыныңқы

Бағыныңқысы басыңқы сөйлемде айтылған іс-қимылдың қалай орындалғанын білдіреді.қайтіп, не етіп?  қалай?

 

Мақсат

бағыныңқы

Бағыныңқысы басыңқы сөйлемдегі ойдың мақсатын білдіреді.не мақсатпен? не үшін?

не етпек болып?

 

Жаттығумен жұмыс:            122-жаттығу.  Мәтінді оқып шығып, көп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемдерді  табыңдар.

  Тақтамен   жұмыс:   Тақтаға бірнеше сөйлемдерге  сатылай кешенді талдау жүргізеді.

Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

 

Үйге тапсырма:           Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлеріне сөйлем құрап келу.