Себеп бағыныңқы сабақтас

Сабақтың тақырыбы:     Себеп бағыныңқы сабақтас                     

Сабақтың мақсаты:        1) себеп бағыныңқы сабақтас туралы түсінік беру,жасалу жолдарын ұғындыру,сздердің өзге байланысу түрлерінен ажырата білуді үйрету;

2) өзіндік практикалық әрекет ортасын қалыптастыру,сауатты,әдемі жазуға бейімдеу,ойлау,есте сақтау қабілеттерін ажырату;

3) оқушылардыпатриоттыққа,жігерлікке,жаңашылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:               білім,іскерлік дағдыны жетілдіру сабағы

Сабақтың әдісі:                                  сұрақ-жауап,  іздендіру, дамыта оқыту

Сабақтың көрнекілігі:                     плакат, семантикалық карта, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс:                     әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

                                               а)    Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

б)     Жаңа сабақты түсіндіру:

   Бағыныңқысы басыңқыда айтылған ойдың себебін білдіретін сабақтастың түрін себеп бағыныңқы сабақтас дейміз. Мысалы: Жұмыстың ең ауыры осында болғандықтан,Ермек мұнда әдейі тіленіп келді.  Осында алғашқы сөйлем соңғы сөйлемнің себебін білдіріп тұр.Себеп бағыныңқы сабақтас Неліктен? Не себепті? Неге? Не деп? Деген сұрауларға жауап береді.

    Себеп бағыныңқының баяндауыштары мынадай жолдармен жасалады.

а) есімшенің өткен шақ формасына –дықтан (-дық+тан) деген жұрнақ пен жалғаудың қосылуы арқылы жасалады.Бұл түн менің ең соңғы көрген дүнием болғандықтан,көп нәрселер әлі көз алдымда тұрады.

ә) есімшенің өткен шақ формасына соң шылауы тіркесуі арқылы жасалады.Жіберген жоқшылары осындай хабар әкелген соң,Жарасбай түні бойы күйіп,қорланудан тыныштық ала алмады.

б) көсемшенің –й жұрнағына біткен болымсыз түрінен жасалады.Сол жылы Асқардың стипендиядан басқа қаражаты болмай,бір мезгіл пристаньда қара жұмыс істейтін еді.

в) ашық райлы етістікке деп көмекші етістігінің тіркесуі арқылы жасалады.Ер төстік жалмауыздың қолында қалды деп,елі мүлде күдер үзіп қояды.

Себеп бағыныңқы сабақтас құрмаласта жай сөйлемдердің арасына үтір қойылады.

1-ғандықтан,-гендіктен,-қандықтан,-кендіктенКүн жылы болғандықтан,біз серуенге шықтық.
2(-ғаны,-гені,-қаны,-кені) + үшінКүн жылы болғаны үшін,біз серуенге шықтық.
3(-ма,-ме,-па,-пе,-ба,-бе) + йКүн жылы болмай,біз серуенге шықпадық.
4-ып,-іп,-пКүн жылы болып,біз серуенге шықтық.
5үш шақтағы етістік + депКүн жылы болады деп,біз серуенге шықтық.
6(-ған,-ген,-қан,-кен) + соңКүн жылы болған соң,біз серуенге шықтық.

 

Жаттығумен жұмыс:            134-жаттығу.   Төмендегі себеп бағыныңқы сабақтастардың бағыныңқы сыңарларының баяндауыштарын тауып,қалай жасалғанын анықтаңдар.

Кітаппен жұмыс: 135-жаттығу. Төмендегі берілген сөйлемдердің басыңқы сыңарларын өздерің тауып  ,  себеп  бағыныңқы сабақтас жасаңдар.

Тақтамен   жұмыс:   Тақтаға бірнеше сөйлемдерге  сатылай кешенді талдау жүргізеді.

Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма:              136-жаттығу.