Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас

 

Сабақтың тақырыбы:     Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас

Сабақтың мақсаты:       1) себеп бағыныңқы сабақтас туралы түсінік беру,жасалу жолдарын ұғындыру,сөздердің өзге байланысу түрлерінен ажырата білуді үйрету;

2) өзіндік практикалық әрекет ортасын қалыптастыру,сауатты,әдемі жазуға бейімдеу,ойлау,есте сақтау қабілеттерін ажырату;

3) оқушыларды патриоттыққа,жігерлілікке,жаңашылдыққа,ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:                                    аралас  сабақ

Сабақтың әдісі:                                  сұрақ-жауап,  топтастыру,  шығармашылықпен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі:                    слайдтар ,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс:                     әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

                                               а)    Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

б)     Жаңа сабақты түсіндіру:

  Құрамындағы жай сөйлемдердің бағыныңқысы басыңқыдағы істің,қимылдың қалай орындалғандығын  білдіретін құрмаластың түрін қимыл-сын бағыныңқы сабақтас  дейміз.

   Қимыл-сын бағыныңқы сабақтастың сыңарлары тек сабақтаса,яғги бірінші жай сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз болып,екіншісіне бағына байланысады.

Қимыл-сын бағыныңқы сабақтастың бағыныңқы сыңарының баяндауыштары мынадай жолдармен жасалады:

Бағыныңқысының баяндауышыТұлғалық белгісіСұрауыСөйлемдердің сызбасы
Көсемше-ып,-іп,-п,-а,-е,-йҚайтіп? Қалай?/……………/ қосылып,                     / — — — — — —  — — -/

/……….   жарыспай/,

/ — — — — — — — -/

Есімше-ған + дай (-ген + дей) болып –ған (ген) күйі (қалпында) –ма,+с+тан

-па+с+тан

-бе+с+тен

Қалай?

 

Қалай?

 

Қалай?

/………./ танығандай           болып,    / — — — — — — — /

/…………/ ұстаған күйі,          /- —  — — — — — — — /

/……/ талмастан /- — — — — — — /

 

Мысалдар: Адамдары,малдары,күркелері де қосылып,бір ауылдан бір ауылды айырып та болмайды.Ат өнері білінбес,бәйгеге түсіп жарыспай.Тұла бойы шымырлап,төбе шашы жиырылып бара жатқандай болып,Қалиша да үйіне жөнелді.Хакім кітапты ұстаған күйі,Әбдірахманның сөздерін қыбыр етпестен тыңдады.Жаңа ғана талып қалғандай,Әбіш ешбір белгі бермей сұлық жатты.

1-а,-е,-й,-ып,-іп,-пЕкі қолы дірілдеп,Оспан ішке кірді.
2(-ма,-ме,-па,-пе-ба-бе)+с+(-тан,-тен)Екі қолы дірілдеместен,Оспан ішке кірді.
3(-ған,-ген,-қан,-кен)+күйі,қалпы,бойыЕкі қолы дірілдеген күйі,Оспан ішке кірді.
4(-ған,-ген,-қан,-кен)+(-дай,-дей)+болыпЕкі қолы дірілдегендей болып,Оспан ішке кірді.

 

Жаттығумен жұмыс:            141-жаттығу.   Құрмалас сөйлемнің айтылмай қалған баяндауыштың орныныа қажетті баяндауыш болатын сөздерді жазып, сөйлемді аяқтаңдар.  

Тақтамен   жұмыс:   Тақтаға бірнеше сөйлемдерге   синтаксистік және морфологиялық талдау жүргізеді.

Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма:              1 42-жаттығу.