Мақсат бағыныңқы сабақтас

Сабақтың тақырыбы:     Мақсат бағыныңқы сабақтас

Сабақтың мақсаты:    а)  Мақсат бағыныңқы сабақтас   туралы түсінік бере отырып,оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;.

ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру,сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу;

Сабақтың түрі:                                   дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі:                                  сұрақ-жауап,  топтастыру, дамыта оқыту

Сабақтың көрнекілігі:                     плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс:                     әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

                                               а)    Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

б)     Жаңа сабақты түсіндіру:

    мақсат бағыныңқы сабақтастың құрамындағы сөйлемдердің алғашқысы соңғыдағы істің мақсатын білдіреді.

    Мақсат бағыныңқы сабақтасты құрайтын жай сөйлемдер бір-біріне бағына,тек сабақтаса байланысдаы.

Бағыныңқының баяндауыштары тұйық етістікке,кейде болжалды келер шақ есімшенің болымсыз түріне үшін шылауының тіркесуі арқылы (көру үшін,көрмес үшін,), -мақ,-мек жұрнақты етістіктен кейін болып деген көмекші етістіктің (-мақ болып), етістіктің шартты,қалау және бұйрық райының 3-жағынан кейін деп  көмекші етістіктігінің (айтсам деп,айтайын деп,айтсын деп) тіркесуі арқылы жасалады.

Мақсат бағыныңқы сабақтастың сұраулары: Не үшін? Не мақсатпен? Не деп? Неге? Мақсат бағыныңқы сабақтастың жай сөйлемдері үтір арқылы бөлінеді.

Мысалдар: Дәуіт ұшып кетпеу үшін,қарлығаш оның қанатын қырқып қояды.Адам жазым,ат жазым болып жүрмес үшін,көкпар шығармай,айналма бәйгемен тынбаққа келісті.Ат тұяғының дүбірі естілмесін деп,бұлар ауылдың ық жағына қарай бұрыла жүрді.

   Абай бүгін әдейі бір үй іші кеңесті оңаша сөйлесейін деп,Мағаш,Әбіштерді осында шақыртқан.Абайлар Ойқұдықтағы ауылға жете қонбақ болып,аттарын шоқыта,сар желіске сала жөнелді.Білмегенін білсем деп,оқушылар ынтығар.

1(-мақ,-мек,-пақ-пек,-бақ,-бек) + -шы,-ші + болыпОл оқымақшы болып қалаға келді.
2-у + үшінОл оқу үшін,қалаға келді.
3(шартты,қалау,бұйрық райлар) + депОл оқысам деп,қалаға келді.
4(-қы,-кі) + тәуелдік жалғау + келіпОның оқығысы келіп,қалаға келді.

 

Жаттығумен жұмыс:            145-жаттығу.    Сөйлемдерді ыңғайына қарай құрмаластырып,мақсат бағыныңқы сабақтас жасаңдар.  

Тақтамен   жұмыс:   Тақтаға бірнеше сөйлемдерге   синтаксистік және морфологиялық талдау жүргізеді.

Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма:              1 46-жаттығу.