Орхон – Енисей жазбаларындағы құрмалас сөйлемнің түрлері

Сабақтың тақырыбы:      Орхон – Енисей жазбаларындағы құрмалас сөйлемнің түрлері

Сабақтың мақсаты:    а)  Орхон-Енисей жазбалары   туралы түсінік бере отырып,оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;.

ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру,сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу;

Сабақтың түрі:                                   дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі:                                  сұрақ-жауап,  топтастыру, дамыта оқыту

Сабақтың көрнекілігі:                     плакат , қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс:                     әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

                                               а)    Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын.

б)     Жаңа сабақты түсіндіру:

    Орхон – Енисей жазбалаында құрмалас сөйлем салалас құрмалас,сабақтас құрмалас және аралас құрмалас болып бөлінеді.Көне түркі тілінде де салалас құрмаластың баяндауыштары тиянақты болып,тең дәрежеде байланысдаы.Мысалы: Қағаы алп ертті,айғучысы білге ертті. – Қағаны батыр еді,кеңесшісі (айтушысы) білгір еді.Екі үлүгі атлығ ерті,бір үлүгі йадағ ерті. – Екі бөлігі аттылы еді,бір бөлігі жаяу еді.

Сабақтас құрмалас сөйлемнің баяндауыштары тиянақсыз болып,бір-біріне бағына байланысады.Мысалы: Ол қан йоқ болтуқда кесре,ел йітміш,ычғынмыш, качышмыш. – Ол хан жоқ болғаннан кейін,ел шетінеген,ышқынған,қашқан (босқан). Тәңрі йарлықадуқын үчүн,өзүм қутум бар үчүн,қаған өлуртым. – Тәңірі жарылқаған үшін,өзім құтым болғандықтан,қаған (ұлы хан) болып отырдым.

 Аралас құрмалас сөйлемде жай сөйлемдер әрі салаласа,әрі сабақтаса байланысады. Мысалы: Теңрі күн бертүк үчүн,қаңым қаған сүсі бөрі тег ерміш, йағысы қай тег ерміш. – Тәңірім күш бергендіктен,әкем қаған әскері бөрідей еді, жауы қойдай еді.

 

Билеттік тапсырма:  1. Құрмалас сөйлем дегеніміз не?

2.Салалас құрмалас пен сабақтас құрмалас сөйлемнің айырмашылығы қандай?

  1. Сабақтас құрмалас сөйлемдер қандай жолмен жасалады?
  2. Аралас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

5.Аралас құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілері қандай?

  1. Көп бағыныңқы сабақтас құрмалас дегеніміз не?

 

Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

 

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

 

Үйге тапсырма:                Құрмаластың үш түріне сөйлемдер жазып, талдап келу.