Төлеу сөз

Сабақтың тақырыбы:     Төлеу сөз

Сабақтың мақсаты:   Білімділігі: оқушыларға   төлеу сөз   туралы түсінік беру,теориялық білімдерін практикамен ұштастыру,оқушы білімін есепке алу.

2.Дамытушылық: әдеби жанрлардың түрлерінен мысалдар келтіру арқылы пәнге  деген қызығушылығын дамыту,ізденімпаздық қасиетін қалыптастыру,шығармашылыққа баулу,тіл байлығын жетілдру.

3.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке,ізеттілікке,әдептіліке,шапшаңдыққа тәрбиелеу,ұлттық салт-дәстүрді қадірлеуге баулу,өз елін,тілін сүюді үйрету.

Сабақтың түрі:                                   дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі:                                  сұрақ-жауап,   түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі:                     плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс:                     әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

                                               а)    Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

б)     Жаңа сабақты түсіндіру:

              Біреудің сөзінің автор тарапынан өзгеріске ұшырап берілуін төлеу сөз дейміз.

   Біреудің сөзі төлеу сөз ретінде берілгенде,бастапқы сөйлемдік қасиеті жойылып,автор сөзімен тұтасып айтылады.Мысалы: Бұл күнге шейін Абай шығарған өлең мен әннің барлығын білем деп жүрген Мұхамбетжан мына сөзді бұрын естімегенін айтты.Бұл сөйлемдегі төлеу сөз – мына сөзді бұрын естімегенін;автор сөзі – Бұл күнге шейін әннің барлығын білем деп жүрген Мұхамбетжан . . . айтты.

Төл сөзді төлеу сөзге айналдырғанда,негізгі өзгеріс төл сөздің тұрлаулы мүшелерінде болады; екіншіден,бір жақтың орнына екінші жақ айтылады;үшіншіден,автор сөзіндегі де етістігінің орнна айт,сөйле,сұра,бұйыр деген сияқты етістіктердің бірі айтылады.

  1. Төл сөздің баяндауышы етістіктің ашық райынан болса,төлеу сөзде ол сәйкес шақтағы есімшеге айналып,оған –дық,/ -дік жұрнағы,тәуелдік жалғауы және табыс септігі жалғанады да,толықтауыш болады.

Төл сөз.Төлеу сөз.

  • Одан арғы тағдырын мен білмеймін, — деді Медников.

    Медников одан арғы тағдырын өзінің білмейтіндігін айтты.

2.Төл сөздің баяндауышы етістіктің бұйрық райынан болса,төлеу сөзде ол тұйық етістікке айналып,оған табыс не барыс септік жалғауы,болмаса туралы,жөнінде,жайында шылауларының бірі қосылып айтылады.

  1. Төл сөздің баяндауышы есім сөздерден не тұйық етістіктен болса,төлеу сөзде ол сөзге тіркес екенін деген көмекші етістік айтылады.Төл сөздің бастауышы төлеу сөзде ілік септік жалғаулы анықтауышқа айналады.
  2. Төл сөзде белгілі бір жақта тұрған сөз (І не ІІ жақ) төлеу сөзде автор тарапынан басқа бір жақта тұрып айтылады.
  3. Төл сөз сұраулы сөйлем болып,оның құрамында сұрау есімдігі болса,төлеу сөзде сұрау есімдігі сол күйінде сақталады; егер сұраулы сөйлем –ма,/-ме сұрау шылауы арқылы жасалса,төлеу сөзде шылаумен айтылған сөз болымд-болымсыз түрде не антоним түрінде қосарланып айтылады.
  4. Төл сөзді төлеу сөзге айналдырғанда автор сөзіндегі де етістігінің орнына айт,сұра,ойла,бұйыр,талап ет,ескертдеген сияқты айту,ойлау мәнді етістіктердің бірі айтылады.

 

Жаттығумен жұмыс:            160-жаттығу.    Төл сөзді төлеу сөзге айналдырыңдар.

 

Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

 

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма:           161-жаттығу.