Әдеби тілдің грамматикалық нормалары

 

Сабақтың тақырыбы:     Әдеби тілдің грамматикалық нормалары              

Сабақтың мақсаты:     білімділік –  әдеби тілдің грамматикалық нормалары   туралы түсінік беру;

тәрбиелік – тілді құрметтеуге,сүюге,белсенділік пен қызығушылыққа тәрбиелеу;

дамытушылық – оқушыларға қазақ тілін  оқыту арқылы ой-өрісін, таным, қабілетін, төл сөз туралы түсініктерін дамыту.

Сабақтың түрі:                                     аралас    сабақ

Сабақтың әдісі:                                  сұрақ-жауап,    түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі:                      кітаптар  , қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс:                     әдебиет , тарих

Сабақтың барысы:

                                               а)    Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Өткен сабақтар бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.

б)     Жаңа сабақты түсіндіру:

    Грамматикалық норма дегеніміз – тіліміздегі грамматикалық тұлғалардың бір ізге,бір қалыпқа түсіп,дағдыға айналып жұмсалуы.

Айталық,сөзге алдымен жұрнақ,содан кейін жалғаудың жалғануы,жалғаулардың өзінің бірізділігі: әуелі көптік,сосын тәуелдік,содан кейін септік жалғауларының жалғануы грамматикалық норма болып табылады.Осы ережеге бағынбайтын мынадай сөздер бар: апаларым – апамдар,әкелерің — әкеңдер.Тек туысқандық қатынасты білдіретін ата,әже,көке,аға,апа сияқты зат есімдерге ғана жалғауларды осылай норманы бұзып жалғауға болады.Сонда олардың мағыналары екі түрлі болады:апаларым,аталарым,дегенде,олардың көптігін білдірсе,апамдар,атамдардегенде ол кісілердің қасындағыларды да қоса қамтып,солардың көптігін білдіреді.

Тілдік тұлғаларды белгілі бір стильдік мақсатта пайдалануды нормадан жөнімен ауытқу дейміз.Бұл көбінесе көркем әдебиетте кездеседі.Мысалы,болымсыз етістіктің келер шақтың тұлғасының І жақта ма-й-мын болуы – грамматикалық норма.Ол ауытқып,ман түрінде жұмсалады:

Ескі бише отырман бос мақалдап,

Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап.

(Абай)

Мұнда –ман қосымшасы ерекше стильдік қызмет атқарып,істі істеуден қайсарлықпен үзілді-кесілді бас тартқандықты білдіреді.

Тілдегі сөздер бір-бірімен қалай болса солай тіркесе салмайды,олардың арасында міндетті түрде мағынлық байланыс болуы шарт.Сөздердің бір-бірімен тіркесу мүмкіндігі бірдей емес.Мысалы, биік және жоғары сөздері бір-бірімен мәндес,мағыналас болғанымен,үнемі бірінің рнына бірі жүре бермейді. Сол себептен биік жартас,биік мұрат,биік тау дегенде,биік сөзінің орнына жоғары сөзін қойып айтуға болмайды(жоғары жартас емес,жоғары мұрат емес,жоғары тау емес).Сөздерді жалғаусыз тіркестіру қатеге жатады.

Әдеби тілдің грамматикалық нормаларына сөйлем мүшелерінің дұрыс орналасуы да жатады.Сөз өз орнында тұрмаса,сөйлем мағынасы өзгеріп кетеді және құлаққа тосаң естіледі,көзге оғаш көрінеді.

Сөйлем құрағанда тілдің ішкі ережелерін ескеріп,әр сөзді орнына қойып айтудың үлкен мәні бар,Қазақ тілінде сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі тұрақты:баяндауыш сөйлемнің ең соңында,бастауыш сөйлемнің басында не ортасында,анықтауыш,пысықтауыш,толықтауыш өздері қатысты сөздерден бұрын тұрады.

Жаттығумен жұмыс:             8-жаттығу.

Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

 

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

 

Үйге тапсырма:            9 -жаттығу.