Қазақтың әдеби тілі

Сабақтың тақырыбы:      Қазақтың әдеби тілі.               

Сабақтың мақсаты:     білімділік – қазақтың әдеби тілі  туралы түсінік беру;

тәрбиелік – тілді құрметтеуге,сүюге,белсенділік пен қызығушылыққа тәрбиелеу;

дамытушылық – оқушыларға қазақ тілін  оқыту арқылы ой-өрісін, таным, қабілетін, төл сөз туралы түсініктерін дамыту.

 

Сабақтың түрі:                                    аралас    сабақ

Сабақтың әдісі:                                  сұрақ-жауап,    түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі:                      кітаптар  , қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс:                     әдебиет , тарих

Сабақтың барысы:

                                               а)    Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

б)     Жаңа сабақты түсіндіру:

  І. Қазақтың әдеби тілі жасалуы жағынан да,қалыптасуы жағынан да тарихи көп кезеңдерді басынан өткізді.Қазақ әдеби тілі – бүкіл қазақ халқының мәдени мұрасы.Әдеби тілді жасауға бүкіл қазақ халқы,оның алдыңғы қатарлы мәдениет қайраткерлері бұрыннан ат салысып келеді.Өйткені әдеби тіл – күллі қазақты біріктіруші,ұйымдастырушы,іске,еңбекке,ерлікке жұмылдырушы әрі ілгері бастаушы ең өткір,ең жанды құралдың бірі саналады.Олай дейтін себебіміз — әдеби тіл қазақ мәдениетінің өсіп-жетілуіне,өркендеуіне жетекші болып келеді.

   Әдеби тіл дегеніміз көркем әдебиеттің тілі ғана емес,ол – ғылымның барлық саласын қамтитын,халыққа өнер-білім беретін,тәлім-тәрбие үйрететін баспасөздің тілі.Көркем әдебиеттің тілі – сол кең мағынадағы әдеби тілдің бір саласы ғана.Ал әдеби тілдің негізі болатын нәрсе – халық тілі – фольклор тілі екенінде дау жоқ.Халық тілі дегеніміз – диалектілерден (жергілікті ру-тайпа одақтарының тілдерінен) құрылған,бірақ әдеби тіл сатысына жетпеген тіл.

Біз қазақтың әдеби тілінің негізін Ыбырай,Абай салды дегенде,әрине,лар өз қолдарымен,өз бастарынан шығарып,әдеби тілді халық тілінен мүлде бөлек бір нәрсе етіп жасады деп қарамаймыз.біздің әдеби тіл деп отырғанымыз – халық тілінің жаңа сатыға,жаңа сапаға көшуі.Солай болса,Абай мен ыбырай халық тілін пайдалана отырып,қазақ тілін жаңа сапаға,жаңа сатыға жеткізуге істеді деп қараймыз.

(С.Аманжолов)

ІІ. …Қандай да тіл болмасын,оның даму деңгейін қанша адамның ол тілде сөйлейтіндігі белгілемейді.Оны тілдің өмірдің қанша саласында қолданыла алу қабілеті анықтайды.Расына келсек,қазақ тілін білмейтін,тіпті білгісі келмейтін адамдар бар болса,бар да шығар,ал бірақ өмірдің қазақ тілін пайдалану мүмкін емес бірде-бір саласы жоқ.Бір кезде қазақ тілінің қолданылу аясы тілдің қабілетсіздігінен тарылған жоқ,тездетіп бір тілділікке,бір ұлттылыққа көшу жолындағы көптеген көз таса әрекеттердің салдарынан қасақана қолдан тарылтылған.

                                                                                                              (Ә.Кекілбаев)

ІІІ. Бұл (қазақ тілі – ред) – бай тіл.Оралымды,ырғақты,теңеу-бейнелеулері ерте туған тіл.

   Поэзияда Абай,Ілияс сияқты,прозада Мұхтар сияқты алыптар туғызған тіл.Мен осындай тілімізді таза ұстайық деймі.

(Ғ.Мүсірепов)

  1. Халық тілінің мол байлығын жазба әдебиетімізде бірінші рет мазмұнын байыта отырып,молынан пайдаланған адам – Абай Құнанбаев.Аай қазақ тілін мәдениеттің биік сатысына шығарып кеткен.

                                                                                                         (С.Мұқанов.)

Жаттығумен жұмыс:             6-жаттығу.

Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма:            7 -жаттығу.