«Сенемін мен ертеңіне елімнің!»

 

Тақырыбы: «Сенемін мен ертеңіне елімнің!»

 

Мақсаты: 1.Отанын қорғауға ,туған еліне мекеніне деген сүйіспеншілігін арттыру,Отанының нағыз патриоты болуына,халықтар достығын құрметтеуге,ана тілін қастерлеуге, ата-баба мұрасын жалғастырушы болуға, қазақ  халқының тұңғыш  президенті Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаевтың  өмір  жолы,туып-өскен,оқып  білім  алған ,қызмет еткен жерлері   туралы  мағлұмат  беру;

елбасының  өмір жолынан үлгі  ала  отырып Отанын ,халқын сүюге, ер жүректілікке,азаматтыққа  тәрбиелеу;

Көрнекілігі:Интерактивті тақта,слайдтар,үнтаспа, шарлар,суреттер,буклет « »

Түрі: концерттік бағдарлама

 

 Барысы:

1 – жүргізуші:

Армысыздар қадірменді ұстаздар мен оқушылар!Бүгін  7б сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Сенемін мен ертеңіне елімнің!» атты концерттік бағдарламамызды бастаймыз.

2- жүргізуші:

     Отан деген не?

Отан – сенің ата — анаң,

Отан — досың,бауырың.

Отан — өлке,астанаң,

Отан – туған ауылың.

Ән: «Төменарық киелі мекен» Хор.

1- жүргізуші

Отанды біз Атамекен,

Деп аялап атаймыз.

Өйткені оны мекен еткен,

Бабамыз бен атамыз.

1 — оқушы

Қазақ жері – қонақтай төрлер жері,

Қазақ жері – қос – сақтай ерлер жері.

Елі кедей болмаған – жері байтақ,

Едігедей,Бабырдай шерлер елі.

 

2-жүргізуші: 1986 жылы 16 желтоқсанда тұңғыш рет тарихта қазақ халқы тәуелсіздікке қолы жетті.Қазақ мемлекетінің тәуелсіздігін 140 – тан астам ел таныды.Қазақстан Біріккен Ұлттар ұйымына мүше болды.Қолымызда – тәуелсіздіктің көк туы, елтаңбасы,әнұраны,өз мемлекеттік тіліміз бар.

1 – жүргізуші:Тіл халықтың жаны,сәні,тұтастай кескін – келбеті,болмысы деуге болады.Халықтың тарихта қалуы тіліне,тілінің сақталуына байланысты.Тәуелсіздіктің ел басты белгісі – оның ана тілі,ұлттық мәдениеті.Өзінің ана тілі,ұлттың мәдениеті жоқ ел — өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды.

2- жүргізуші:Дұрыс айтасың!Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадір – қасиетін,мәдениетін,ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі.Тілді қастерлеу ізгілік пен мәдениеттілік белгісі.

 

2-оқушы.

Қазақ тілі – туын биік ұстаған,

Қазақ тілі – кең далама ұқсаған.

Қазақ тілі  — мәртебелі еңселі,

Құрметтеп отыр бүгін ел сені!

1 — жүргізуші:
Тіл – халықпен бірге өмір сүріп дамиды.Себебі,әр ұлттың тілі  — оның бақытты,тірегі.Ол әрбір адамның бойына ана сүтімен бірге еніп қалыптасады.Атадан балаға мирас болып қалған баға жетпес мұра.Сондықтан да әрбір адам ана тілін қадірлеуге міндетті.

3 –оқушы.

Қасиетім! «Ана» атымен аталған,

Сен арқылы аталардан бата алған.

Сенен ұғып өсиетін Абайдың,

«Атамекен», «Туған ел» деп ән салған.

2 – жүргізуші Ән «____________». Орындайтын ____________

4 – оқушы.

Әрбір тілде сөйле адамды таң қылып,

Ана тілін білмеу қандай заңдылық!

Өсер балаң,байтақ далаң тұрғанда,

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!

Хормен: Жасай бер,ана тілі — қазақ тілі!

1 – жүргізуші.Мың бұралған арулар аңдап басып,

Келесі міне ортаға толқып тасып,

Аруларын сыйлаған халқым менің,

Көңілді қошеметпен қарсы алайық!

Қазақ биі: «____________». Орындайтындар: ____________

 

5-оқушы:1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы  Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз  демократиялық  және құқылық  мемлекет» деп жариялады.

6-оқушы:

Елтаңбатәуекел,ерліктің белгісі,

Елтаңба – Кемелдік,кеңдіктің белгісі.

Елтаңба — өзге елмен теңдіктің белгісі,

Елтаңба – егемен елдіктің белгісі.

1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба,Ту,Әнұран  бекітілді.

Елтаңба  авторлары:Жандарбек Мәлібекұлы,Шотаман Уәлиханов.

 

7-оқушы:   Шаңырақ –Отан отбасынан  басталады.ортақ шаңырақ  биік ,босаға берік  болсын деген  мағынаны,ал уықтар –үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла танытқан елшілес ел жұртқа да бай,қуатты тілеймін  дегенді  білдіреді.Ай мүйізді ,алтын қанатты қос пырақ-арыстанның жүректілігін,қыранның қырағылығын,өгіздің қара күшін,еліктің  шапшаңдығын,қырмызы қызыл түлкінің  жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді.Бес бұрышты жұлдыз «Бағымыз ашылып,жұлдызымыз жарқырай  берсін» деген асыл  арманды арқалап тұр

 

8-оқушы:

Көк аспанда көкпеңбек,

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен тек,

Елдің ашық табағы.

Мемлекеттік Ту-1992 жылы 4-маусымда қабылданып,6-маусымда күшіне енді.Тудың ортасында  шұғылалы күн,оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген ,ішкі бұрышты көгілдір матаның сол жағында қызыл өрнегі  бар.Жалаудың ұзындығы -2 метр,ені-1метр.Жалаудың  жобасын жасаған –суретші Шәкен Ниязбеков.

 

 

 

 

9-оқушы: 2006 жылы 7-қаңтарда әнұран қабылданды.

Егемен елім әнұраны жанарды,

“Менің Қазақстаным” жер жүзіне таралды.

2 – жүргізуші: Қазақстан Республикасының әнұраны.

(Әнұран айтылады)

 

 

10-оқушы:1993 жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы –Теңге айналымға енді.

Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет,

Білдім дербес елімнің үлгісі деп.

Бейнеленген хан,ақын, ғалымдарым,

Беттерінен көз тартып тұрды сурет.

Теңдікті айтып тұр аты теңге деген,

Құт-береке болшы бір елге келген.

Өз туы,елтаңба,әнұраны бар

Айтыңдаршы, енді елім кем  неден?

 

 

 

11-оқушы:

1995  жылы 28-қаңтарында  тәуелсіз ҚР – ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.

                

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 12- оқушы:

                               «Ата Заң»

Азат елдің басталған айқын жолы тәрізді,

Ата Заң деп аталған Конституциямыз бар біздің.

Ата Заңмен бекіткен дербестігін еліміз,

Ата-баба мұра еткен, тұтастығын жеріміз.

Халық сенген заңымыз әділдікті қолдайды,

Жақсарсын деп халіміз адам құқын қорғайды.

Дейді заңы мемлекет үлкенге де,балаға:

“Оқу оқы, еңбек ет, кәсіп жаса қалаған!”

Әрбір бабы маңызды, әр көңілдің жыры бір,

Бізде 30 тамыз – Ата Заңның күні бұл.

Ермек Өтетілеуұлы.

 

2 – жүргізуші:Қазақ халқының тұңғыш президенті —

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

 

                 

 

 

 

Тұманбай Молдағалиев. «Есіл  ер»

 

13-оқушы:

Сөйлесіп бір жүрген қай сөзінде де халықты биік  қоясың,

Халықпен  бір  ашығасың да,халықпен бірге  тоясың.

Жастықтың жалын шақтарыменен бірге  айтып арман әндері,

Қазақстанның бақтарыменен бірге жапырақ  жаясың.

 

14-оқушы:

Халықтың мұңы мұңдайтынын да,халықтың жыры жырлар  жыр,

Көкірегіңдекөнермей әлі өткен де  кеткен жылдаржыр,

Соңына  ердік сол ғана бізді жеткізеді  деп бақытқа,

Бақытқа  баста  байтақ  еліңді,бақытсыздықтан құр қалдыр.

 

15-оқушы:

Нұрсұлтан бар деп нұрыңа сенің шомылғандай боп  жүрем мен,

Бейнеңді көрсем беймезгіл кезде қабағымды ашам түнерген.

Сүйеміз сені,санамыз,сөніп қалмай тұрғанда сүйеміз,

Алланың бізге бір өзі сеніп өкілісің сен  жіберген.

 

16-оқушы:

Жесірге  пана,қашанда қамқор  боп жүрсің жетімге,

Ананың тілі,баланың тілі сөйлей білесің не тілде.

Қалам тербесек жүрек берді есеп  басынан өткен жылдарға,

Саған  сенбесек ,кімге сенеміз осынау жердің бетінде…

 

1 – жүргізуші:

«Құлақтан кіріп,бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең,менше сүй», — деп Абай атамыз айтқандай,

назарларыңызға  ән – шашу.

 

Ән: «Жан аға»

 

2 – жүргізуші:Н.Назарбаев — бәрінен бұрын өз міндетін,өз тағайындалуын  терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен  атқаратын  адам.Ол әр  қадамын шын  мәнісінде өте мұқият есептейді: ол үшін саясатшы болу — бойға  біткен дарынмен  қатар күн сайынғы аса ауыр жұмыс  және өмір дағдысы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бірінші қатарда солдан оңға қарай інісі —  Сатыпалды, апасы Әнипа. Екінші қатарда Нұрсұлтан Назарбаев, анасы- Әлжан, әкесі-Әбіш. Үшінші қатарда ағасы- Болат Назарбаев, нағашы апасы.

 

1 – жүргізуші:

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  6-шілде 1940 жылы Алматы  облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде  айта беретініміздей  таршылық  жағдайда өтті.Үлкендердің  мал  бағуына,бау-бақша  өсіруне көмек көрсету керек болды,шөпшек  теріп,отын  жарды.Өзі еске алғандай,өсірген аз-маз өнімдерін сатып,үй-ішіне қажетті  заттар алу үшін есек  жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол  стансасына бару  дегенің  керемет мереке  саналған.Мектепті  жақсы оқып,жақсы білім  алды.Ата-анасын қатты құрмет  тұтты.

2 – жүргізуші:Ол ерте есейді,орта мектепті  бітіре  салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды  металлургия комбинатының көлемді құрылысына  аттанды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск  қаласына  барып металлург –жұмысшы  мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы,домна  пешінің  көмекшісі жұмыстарын  атқарды,ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.

 

 

 

1 – жүргізуші:

Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап  көрінді.Қалалық,облыстық және республикалық  көлемде басшы органдарда жауапты  қызметтер  атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы,Теміртау қалалық,Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында  экономикалық салаға жауап  беретін хатшы  болды.

17-оқушы:Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста  болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.

18-оқушы.1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш  рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп  сайланды.

19 — оқушы:Астана — ҚР-ның саяси,әкімшілік  және мәдени орталығы. Елбасы-Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997  жылы мұнда  бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент  көшіп келді.Еліміздің  басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.

 

20-оқушы:  1998  жылы 10-маусымда жаңа  астананың  ресми  тұсау кесері  болды.Қала  Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде  орналасқан.

 

 

 

Көтереді шаңырақ Астанам асқақ,

Жаңарып қалам,жасарып далам!

Басыңнан серпі бодандық жүгін,

Кетпейді ойдан Отандық ұғым.

Арыстан жүрек, айбынды елім,

Таниды сені бар әлем бүгін.

          Ән: “Астана – бас қала”

21-оқушы: «Елбасына»

Ауыр күнді артымызға тастауы –

Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.

Тілім,дінім, ұлтым қайта көгерген,

Елбасымыз Нұрағаңның бастауы

Туды ұстап тура жолға түсіріп,

Жас Отанның өмірін де түсініп,

«Елім,жерім» деп ұрандап тайсалмай,

Бір керемет жасады-ау кісілік!

 

 

 

22-оқушы:

Елбасымыз саған мәңгі разымыз,

Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.

«Ұлтым,елім» деп қайғырған ұлы жан,

Сіз біздердің піріміз де, әніміз.

 

 

                   

 

 

 

 

 

2 – жүргізуші:

Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,

Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.

Президентім, елбасы, аман болғай,

Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!

 

1-жүргізуші:Төле би сөзімен сынып сағатымызды аяқтаймыз.

Уа, халқым, сөз қадірін білесің.

Жаңбыр жаумаса, жер жетім,

Басшысы болмаса, ел жетім.

Көсіле шабар жерім бар,

Тау көтерген елім бар.

Қол бастайтын ерім бар,

Атадан қалған сара жолым бар.

 

Барлығы:«Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»

 

Ән: «Елім менің»  (сөзі: Н.Назарбаев, әні: Б.Тілеуханов)