7 санын қосу және азайту

 

Пәні: Математика
Сыныбы:
Сабақтың тақырыбы: 7 санын қосу және азайту
Сілтеме Математика  Алматыкітап 2011ж , «Әлемнің жеті кереметі» интернет желісі.
Жалпы мақсаты: 7 санын қосу және азайтудың әдістерімен таныстыру.7 санының құрамын қайталау.Қосу және азайту амалдарының өзара байланыс негізінде логикалық қабілеттерін дамыту.Ауызша,жазбаша сөйлесу арқылы өзіндік ойлау,есеп шығару дағдыларын қалыптастыру.Жеті санына қатысты ұғымдардың мәнін түсініп,мәлімет алу.
Оқу нәтижелері 7 санын қосып,азайтады;7 санының құрамын меңгереді.7 саны туралы білім қалыптасады.Әлемнің жеті кереметі және 7 санына қатысты ұғымдардың мәнін түсінеді,ақпарат алады.
Сабақтың түрі: Панарамалық сабақ,шығармашылық сабақ
Технология түрі: Сыни тұрғыдан  ойлауға үйрету
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, көрнекілік.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану,ана тілі
Оқыту құралдары: интернет жүйесі: электронды оқулық, магнитті тақта мен суреттер, АКТ
Сабақтың барысы: Мұғалімнің қызметі Оқушының қызметі Күтілетін нәтиже
І. Ұйымдастыру бөлімі.

Шаттық шеңбері.

Амандасу,түгендеу;

-Сәлеметсіздерме, құрметті оқушылар бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр.Амандасайық!

оқу-құралдарының дайындығын, сабақтың мақсат-міндеттерін таныстыру; бүгінгі сабаққа оқушылардың қызығушылығын ояту, назарын сабаққа аудару.

Амандасады;

-Он жеті бірдей өркенбіз,                Он жеті түрлі өлеңбіз.                               Он жеті түрлі бояумыз               Он жеті түрлі әуенбіз.     Үлкендерді құрметтеп,                Баршаға сәлем береміз.

оқу-құралдарын дайындайды, сабақтың мақсат-міндеттерімен танысады;көңіл-күйі көтеріңкі болады

Сынып сабаққа психологиялық тұрғыдан дайын,  мұғалім мен оқушының арасында ынтымақтастық қарым-қатынасы орнайды.
І.Қызығушылықты ояту.  -Балалар осы аңызда Жетіқарақшы деген не? –Шоқжұлдызды неге жетіқарақшы деп атаған?

-Олай болса бүгінгі біздің сабағымызда жеті санын қосу және азайтуды үйренеміз.

 

Жетіқарақшы туралы аңызды әңгімелеу.

-Жетіқарақшы дегеніміз-шоқжұлдыз.                                    -Өйткені жеті жұлдыздан тұрады.

 

 

 

 

 

.

Жетіқарақшы-шоқ жұлдыз екенін біледі.
Мағынаны тану.

Ой қозғау.

-Балалар жеті санына байланысты тағы да қандай ұғымдарды білесіңдер?                                            -жеті қазынаға нелер жатады?                             —  Сонымен бірге бүгін біз  әлемнің жеті кереметіне саяхатқа шығамыз.

-Олар:Хеопс пирамидасы,Семаримида аспалы бағы,Артемида ғибадатханасы,Зевс мүсіні,Галикарнас мавзолейі,Родос алыбы,Александрия маягы.

-Жетіқазына,жеті апта,жеті ата,жеті жетім,жеті жұт т.б                  –Ер жігіт,сұлу әйел,ілім-білім,жүйрік ат, құмай тазы,қыран бүркіт,берен мылтық. -Ойлау арқылы жеті санына қатысты ұғымдарды еске түсіреді.Әнет бабаның дана сөздерінен үлгі алады.Ең басты байлық нелер екенін ұғынады.
Оқулықпен жұмыс -Балалар, Хеопс пирамидасына келдік.Қысқаша айтып кету

Электронды оқулықтан 1,2 тапсырмаларды орындату.7санының қосу және азайту амалдарының кестесін түсіндіру.Кері байланыстарын ұғындыру.

Ауызша орындайды. 7 санының кестелік қосу және азайту жағдайларымен танысады.
Жеті  санын қосу және азайту кестесіне есептер Семаримида аспалы бағы.Қысқаша айтып кету. Оқулықтан 2 тапсырма әліппе дәптерге орындату. Әліппе дәптерге орындайды. Барлық есептерді оқушылар шығарып, дұрыс жауаптарын айтады
Мәтіндік есеп                         Артемида ғибадатханасы.Қысқаша тоқталу

3-тапсырма.Есептерді қысқаша интерактивті тактаға жаздыру және шығарту.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Барлығы 6 кәмпит бар еді.2 кәмпит тәрелкенің ішінде,қалғандары сауыттың ішінде жатыр.Сауыттың ішінде неше кәмпит бар?

Барлығы-6 кәмпит                      тәрелкеде-2                             Сауытта-?                                                Шешуі:6-2                                   Жауабы:Сауытта 4 кәмпит қалды

Есепті дәптерлеріне жазады.

 

 

 

 

 

Сұрақтарға жауаптар берілді. Есептер дұрыс шығарылды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті

-Келесі аялдама Зевс мүсініне келдік.Қысқаша мәлімет беру.

4-тапсырманы орындату.Интерактивті тақтаға орындату.

 

Енді демалып алайық! Мультфилм көрсету.

 

 

 

 

 

 

3+7     10-5       9-7    9-8                                         10-0     9-9       8+0    2+7                                          3+6     2+7        5-0    1+6

әліппе дәптерлеріне орындап жазу.

Оқушылар Видеодағы қимылдарды орындайды. Серігіп, демалады

 

 

 

 

 

 

 

Барлық оқушылар бірге орындайды да демалады

                               Галикарнас мавзолейі.                                           №4. « Кел, ойнайық!»                                                          -Неше үшбұрыш,дөңгелек,сәуле?

 

-6 дөңгелек,14үшбұрыш,6сәуле Барлық есептерге дұрыс жауаптар айтылады
Бекіту.

Кел, ойнайық ойлайық!

 Родос алыбы.  «Математикалық балық аулау ойыны» Оқушылар ауызша жауап береді

 

Математикалық балық аулау ойыны арқылы білімдерін пысықтады.
 

 Рефлексия  

Бағалау парақтарын таратамын.  Сабақ өте ұнады.Орташа ұнайды.Мүлде ұнамайды.

 

 

 

Барлық тапсырмалар орындалып, сабақ мақсатына жетті.Оқушыларға сабақ ұнады.