М.Өтемісұлы «Тарланым»

Сабақтың тақырыбы:  М.Өтемісұлы  «Тарланым»

Сабақтың мақсаты:

а)   М.Өтемісұлының  өмірінен мәлімет бере отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру және өлеңінің негізгі идеясын ашу;

ә) мәнерлеп оқу, мазмұндау, өлең құрылысын ерекшелігін жете талдай білу дағдысын дамыту;

б) Ақын шығармаларын оқи отырып,Отанын сүюге,еңбексүйгіштікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу;

Сабақтың түрі:     аралас   сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену  т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері,   дидактикалық материалдар  т.б

Пәнаралық байланыс:          тарих

Сабақтың барысы:

                                          а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

             ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы  сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Аягөз өзені қайдан бастау алып,қалай қарай ағады?

2.Аягөз кімнің жері еді?- деген өкінішін қалай түсінесіңдер?

3.Аягөз жағасына дуан түскеннен кейінгі жағдайды ақын қалай суреттейді?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

М.Өтемісұлы 1804 жылы Орал облысы Нарындағы Бекетай құмында туған. Арабша,орысша хат таныған. Жасында Жәңгірханның ордасында жүрген. Ақын жас кезінен-ақ хан сарайындағы  әділетсіздікке қарсы болып,халықтың ауыр мұңы,тұрмысын жан жүрегімен түсіне білген. Махамбет ел ісіне ерте араласқан ,керекті кезінде ел басын қосуға шебер, ұйымдастырғыш,қабілеті мейлінше күшті,жалынды ақын.

«Тарланым» өлеңінде ауыз әдебиетінің үлгісі бар. Әсіресе жоқтау сарыны айқын көрінеді.

Өлеңдері:    «Мінкен ер»,  «Тайманның ұлы-Исатай», «Исатай сөзі», «Исатай деген ағам бар», «Ей,Махамбет жолдасым», «Қызғыш құс» т.б

Кітаппен жұмыс:  Кітаптан өлеңді мәнерлеп,нақышына келтіре оқып береді.

Сөздікпен жұмыс:                           Кермиық,кербез-паң,сұлу.

Шандоз-асыл,ардақты

Жебе-садақ оғы

Сусар-аң

Білімді бекіту:   Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. Ақынның арманын,өкінішін қай жолдардан байқауға болады?
  2. Исатайдың сырт бейнесі, жан дүниесі,ақылдылығы,ержүрек батырлығы қандай жолдар,сөздер арқылы берілген?

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

 

Үйге тапсырма:             М.Өтемісұлының «Тарланым» өлеңін оқып келу.