Ахмет Байтұрсынұлы «Ақын ініме»
Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Ақын ініме»
Сабақтың мақсаты:
а) А Байтұрсынұлының шығармаларынан мәлімет бере отырып, өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын ашу;
ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу;
б) оқушылардың өз ойын айта білуге, ой-өрісін,ойлау қабілетін арттыруға,шығармашылық ізденіске жол ашу;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену т.б
Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері, портреті т.б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1.А.Байтұрсынұлының қандай мақалаларын білесіңдер?
- Ахмет не себепті ату жазасына кесілді?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
А.Байтұрсынұлының «Ақын ініме» өлеңін мәнерлеп оқып беріп,ақынның айтпақ болған ойын өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу.
Сөздікпен жұмыс: Милләт- араб сөзі,халық,ұлт деген мағынада
Аплатон-ертедегі грек оқымыстысы
Кітаппен жұмыс: Автордың ақын інісіне кекесінмен айтқан ақылдарындағы ирониялық сарынды тап.
Мысалы. «Нашардың көбірек же,хақын інім,
Айғырсып момындарға ақыр,інім,
Кісімсіп,ең болмаса қақыр, інім»
Тақтаман жұмыс: Өлеңді құрылысына қарай талдайды.
3 4 4
Азырақ // құлағың сал,//ақын інім,
Ойымыз,//рухымыз //жақын,інім.
Ағалық //провасын //қолыма алып,
Келемін// айтайын деп //ақыл,інім.
1 шумақ, 4 тармақ , 12 бунақ , 11 буынды.
.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
1.Ақын өлеңде адам мінездеріндегі қандай қасиеттерді сынайды?
- Өлеңнің соңғы шумағынан ақынның айтқысы келген өзекті ойын қалай байқауға болады?
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: А.Байтұрсынұлының «Ақын ініме» өлеңін жаттап келу.