Жамбыл Жабаев «Алғадай туралы әрбір ой»

Сабақтың тақырыбы:            Жамбыл Жабаев «Алғадай туралы әрбір ой»

Сабақтың мақсаты:

а)   оқушыларға жүз жасаған алып ақын Жамбалдың  шығармашылығынан мәлімет бере отырып,оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;

ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу;

б) Сабақ барысында  оқушыларды өз ойын айта білуге,  мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі:     арлас   сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену  т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері,   портреті  т.б

Пәнаралық байланыс:          тарих

Сабақтың барысы:

                                          а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

               ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы  сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Жамбыл кімдермен айтысқан?

2.Есімін неге Жамбыл деп қойған?

3.Қандай атақты ақынды жеңді?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

              Жамбыл Жабаевтың шығармаларынан мәлімет бере отырып, «Алғадай туралы әрбір ой» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу. Алғадай деген ұлы Ұлы Отан соғысына  барып қаза болғаннан кейін шығарған жоқтау өлеңі..

 Өлеңді мәнерлеп оқып беремін.

 

Шығармашылық  жұмыс:  Тұрмыс-салт жырының  түрлерін соның ішінде жоқтау туралы  айтады.

 

Кітаппен жұмыс:      Өлеңді мәнерлеп оқиды

. Білімді бекіту:   Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. Өлеңнің І-ІІ бөлімдерінің мазмұнынан баласын жоғалтқан әкенің қайғысын қалай байқауға болады?
  2. ІІІ бөлімде әке өзіне қалай тоқтау айтады?

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:             Ж.Жабаевтың  «Алғадай туралы әрбір ой» өлеңін жаттап  келу.