І. Жансүгіров «Бөбек бөлеу»

Сабақтың тақырыбы:            І. Жансүгіров «Бөбек бөлеу»

Сабақтың мақсаты:

а)   І. Жансүгіровтің  ақындық шеберлігін таныту,жер жаннаты Жетісудың көркем табиғаты туралы әңгімелесу;

ә) оқушылардың сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерін ,ой-өрістерін  дамыту;

б) Ілияс шығармаларын талдау арқылы  эстетикалық тәрбие  қалыптастыру,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;

Сабақтың түрі:     аралас   сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену  т.б

Сабақтың көрнекілігі: шығармалар жинағы,   портреті   т.б

Пәнаралық байланыс:          тарих

Сабақтың барысы:

                                          а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

               ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген І.Жансүгіровтің  «Жетісу суреттері»  өлеңін мәнерлеп оқиды.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Ілияс қандай ақын?

  1. «Жетісу суреттері» неше тараудан тұрады?
  2. Өлең қандай лирикаға жатады?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

І.Жансүгіровтың «Бөбек бөлеу»  өлеңі  халық арасында көп жырланатын бесік жырларының бірі.  Өлеңді мәнерлеп оқып беріп, оның тақырыбы мен идеясын ашу. Әрбір ана сәбиін ертерек есейіп ,үлкен азамат болуын тілейді.

Кітаппен жұмыс: оқушылар  өлеңді  мәнерлеп оқиды.

Өзіндік жұмыс:  Өздерің « Бесік жырын»  құрастырып (шығарып) көріңдер.

 Венн диаграммасы:          «Бөбек бөлеу» өлеңін Жамбылдың «Атаның әлдиі»  өлеңімен салыстырыңдар

І.Жансүгіров    «Бөбек бөлеу»                           Ж.Жабаев     «Атаның әлдиі»

 

айырмашылығы ұқсастығы айырмашылығы
     

 

Білімді бекіту:   Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген

сұрақтарына жауап беремін.

  1. Сәбиін бесікке бөлеген ана баласының қандай болып өсуін тілейді?
  2. Халық арасында көп жырланатын бесік жырларының тағы қандай түрлерін білесіңдер?

3.Олар қандай сөздерден басталып,қайталанып отырады?

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:      І.Жансүгіровтің  «Бөбек бөлеу» өлеңін мәнерлеп оқып келу.