М.Жұмабаев «Толқын»

Сабақтың тақырыбы:            М.Жұмабаев «Толқын»

Сабақтың мақсаты:

                                 а)   М.Жұмавбаевтың ақындық ерекшелігіне тоқталу;

                                 ә)  Мағжан өмірі мен «Сүйемін» өлеңінің байланысын ашу;

                                   б)  Мағжан туралы деректерді кеңірек түсініп,ұғынуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі:      дамыта оқыту

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену  т.б

Сабақтың көрнекілігі: шығармалар жинағы,   портреті   т.б

Пәнаралық байланыс:          тарих

Сабақтың барысы:

                                          а) Ұйымдастыру кезеңі:

                         Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                               ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

  Үйге берілген М.Жұмабаевтың  «Сүйемін» өлеңін  мәнерлеп оқиды.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. «Махаббат» деген ұлы ұғымды ауызға алғанда біздің бойымызда қандай адамдық қасиеттер қалыптасады деп ойлайсыңдар?
  2. Біз осындай адамгершілік ұлы қасиеттерімізді кімге және нелерге арнауымыз керек?.

                                             б) Жаңа сабақты түсіндіру:

           Ақынның ішкі жан дүниесі оның әр түрлі табиғат құбылыстарын сезінуі,бейнелеп суреттеуі арқылы танылатын өлеңінің бірі «Толқын «өлеңі

Өлеңді мәнерлеп оқып беремін.

Кітаппен жұмыс: оқушылар  өлеңді  мәнерлеп оқиды.

Шығармашылық  жұмыс:  Толқын көрінісіне суреттеме жазады және толқын көрінісіне сурет салады.

Пәнаралық байланыс:    Өлеңнен бір-біріне қарама-қайшы сөздерді табады.

 

Білімді бекіту:   Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

 1 Толқын көрінісін беруде ақын қандай сөздерге, дыбыстарға сүйенеді?

  1. «Мағжан –дыбыстан сурет жасайды» деген пікірді осы өлең арқылы дәлелдей аласыңдар ма?

 

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

 

Үйге тапсырма:       Мағжан Жұмабаевтың «Толқын» өлеңін мәнерлеп оқып келу.