Тест тапсырмалары

 

 

Сабақтың тақырыбы:            Тест тапсырмалары

Сабақтың мақсаты:

                                   а) оқушылардың  әдебиет пәнінен алған білімдерін тиянақтау;

ә)  тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі:       қайталау

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, т.б

Сабақтың көрнекілігі:  тест парақшалары   т.б

Пәнаралық байланыс:          тарих

Сабақтың барысы:

                                          а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

               ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы  сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

  1. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» халық ауыз әдебиетінің  қай түріне жатады?

А) батырлар жыры           Ә) ғашықтық жыры               Б) аңыз әңгіме

  1. «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңінің авторы кім?

А) Абай Құнанбаев              Ә) А.Байтұрсынұлы            Б) Сәбит Мұқанов

  1. Абай қай жылы туған?

А) 1835-1906 ж.         Ә) 1855-1909 ж.                   Б) 1845-1904 ж.

  1. «Әнші» әңгімесінің авторы кім?

А) Ж.Аймауытұлы      Ә) С.Торайғыров             Б) С.Мұқанов

  1. «Қоштасу» халық поэзиясының қай түріне жатады?

А) мұң-шер                  Ә) тұрмыс-салт               Б) төрт түлік

  1. «Өткен күндер» жинағының авторы кім?

А) Б.Майлин              Ә) С.Сейфуллин                   Б) І.Жансүгіров

  1. «Қыз Жібек» операсын жазған кім?

А)  М.Төлебаев         Ә) Б.Майлин                   Б) Е.Брусиловский

  1. «Бақытсыз Жамал» романының авторы кім?

А) М.Дулатов                 Ә) Ш.Құдайбердіұлы               Б) Ж.Аймауытұлы

  1. Қазақ тіл білімінің атасы кім?

А)  М.Жұмабаев              Ә) М.Мақатаев                     Б) А.Байтұрсынұлы

  1. М.Дулатұлының «Оян қазақ!» атты жинағы қай жылы жарық көрді?

А)  1904 ж.                         Ә) 1909 ж.                 Б) 1908 ж.

  1. «Көзін ауылға келген соң екі күннен кейін ашты. Жұрт асырауға көнеді десті» деген жолдар қай әңгімеден алынған?

А) «Көксерек»                  Ә) «Есіл бойында»                   Б) «Саятшы Ораз»

  1. Ғ.Мүсіреповтің әңгімесін ата.

А)  «Әнші»                 Ә) «Ананың анасы»                Б) «Бандыны қуған Хамит»

  1. С.Сейфуллин қай жылы туған?

А) 1894-1938                 Ә) 1856-1931                          Б) 1885-1935

  1. М.Жұмабаевтың «Толқын» өлеңі лириканың қай түріне жатады?

А) махаббат лирикасы             Ә) саяси-әлеуметтік лирика                 Б) табиғат лирикасы

  1. Шешендік сөздерді айтушылар кімдер?

А)   әншілер              Ә) билер             Б) жазушылар

Білімді бекіту:   Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына  қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:         Қайталау