Тахауи Ақтанов Окоп үстіндегі айқас

Сабақтың тақырыбы:              Тахауи Ақтанов Окоп үстіндегі айқас

Сабақтың мақсаты:

                          а)  әңгімені оқыта отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру;

ә) оқушыларды  табиғатты сүюге, қоршаған ортаны бағалай білуге баулу, эстетикалық талғамдарын арттыру;

б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау

Сабақтың түрі:     жаңа    сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену  т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері,   портреті  т.б

Пәнаралық байланыс:          тарих

Сабақтың барысы:

                                          а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

               ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы  сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Ақсақ Темір туралы қандай тарихи деректерді білесіңдер?

2.Ол қай кезде өмір сүрген,оның жаугершілік жорықтарынан  қандай хабарларың бар?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Тахауи Ахтанов  1923 жылы Ақтөбе облысының  Шетырғыз ауылында дүниеге келген.  Ұлы Отан соғысына қатысқан.Соғыстан кейін көркем аударма,сын саласында жемісті еңбек етті.

«Окоп үстіндегі айқас» әңгімесі  «Қаһарлы күндер»  романынан үзінді. Бұл  соғыс туралы жазылған   роман. Оның үстіне ел мен жердің тағдыры сынға түскен жылдың ең бір ауыр күндерін қамтиды.  Бұл біздің жауынгерлердің , қазақ жігіттерінің ,майданда жаппай ерлік жасап,Отан үшін жандарын қиып жатқан кезі.

Шығармашылық жұмыс: І Отан ,ел, ерлік туралы мақал-мәтелдерді тауып дәптерлеріне жазады.                Мысалы: 1.Отан оттан да ыстық

2.Отан үшін отқа түс күймейсің

ІІ .  Ұлы Отан соғысына қатысқан  қандай батырларды білесіңдер? Сол туралы әңгімелейді.

Білімді бекіту:   Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

1.Ұлы Отан соғысы жайында не білесіңдер?

  1. Дерек бойынша оған Қазақстаннан қанша жауынгер қатысты?

Әңгіме бойынша  неміс танкілеріне  қарсы күрескен біздің жауынгерлер мен  жаудың ара күші қандай?

  1. Әңгімеде қазақ жауынгерлерінің ерліктері қалай суреттеледі?

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:               Тахауи Ахтановтың «Окоп үстіндегі айқас» әңгімесін оқып мазмұндап келу.