C. Мұратбеков «Жусан иісі»
Сабақтың тақырыбы: C. Мұратбеков «Жусан иісі»
Сабақтың мақсаты:
а) өтілген тақырып бойынша білімдерін жинақтап бекіту;
ә) сөйлеу тілін байыту,тіл мәдениетіне көңілдерін аударту,салт-дәстүрін,әдет-ғұрпын құрметтеуге тәрбиелеу;
б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;
Сабақтың түрі: білімді жинақтау,қорыту сабағы.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, іздендіру,сайыстыру т.б
Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар, дидактикалық материалдар т.б
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген «Жақсы бала жеткізеді мұратқа» тақырыбында жазған ой тоғауды тексеремін. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
«Жусан иісі» повесінен үзінді оқып,алған білімімізді жинақтау үшін бүгінгі сабақта «XXI ғасыр көсбашсысы» интеллектуалды ойын ұштастырылып отыр.
Ойын VII кезеңнен тұрады.
I . Бәйге.
Оқушылар екі топқа бөлінеді: «Ғибрат», «Қасиет» тобы. Әр топқа бес сұрақтан қойылады.
1-топқа
- Әңгімедегі кейіпкерлерді ата. (Аян,Есікбай,Бапай шал, Тұрған, Асылбек шал, әңгімеші бала.)
2.Шығармада баяндалатын оқиға қай жылдары өткен? (1941-1945 жылдар)
- Аян ертегісі қалай басталады? (Ертеде бір жетім бала болыпты)
4.Аян тайдырып алған тобығын кімге салғызды? (Асылбек шалға)
- Аянды талай жерге дейін шығарып салған кім? (Есікбай)
2-топқа
- Аян алғашқы сауатын кімнен ашты? (Иманжановтан)
- Әжесі қайтқан соң Аян кімнің қолына көшті? (Әжесінің тумасы Бапай шалдың үйіне)
- Аянның кешкі қорегі не еді? («Тісің бар ғой» деп бір уыс бидай төгеді)
- Аян алғаш рет қалай тобығын тайдырды? ( Өрістен бұзау айдап келе жатқанда үйретемін деп,өзінің қысқа бұзауына секіріп мінген. Семіз бұзау мөңкіп-мөңкіп жығып кетті.)
- Ауыл қай жерде орналасқан? (Ешкіөлмес деген кішкене қоңыр таудың етегінде).
- Көкпар.
Әр топтан бір оқушы шығып билет суырады. Берілген тақырып бойынша мақал-мәтел айтады. Топ мүшелері толықтырады. Қанша мақал-мәтел айтса сонша ұпай жинайды.
III. Тіл өнер.
Әңгімеден бір сөйлем алынады,ішінен бір сөз қалдырып кетеді. Сол сөзді тауып орысша,ағылшынша аудармасын айтады.Толық жауап берсе 30 ұпай.
- Әуелде біз-балалар оның ….. айтпайтынын білгеніміз жоқ. (ертегі,сказка)
- Менің көкем де,атам да жоқ,сондықтан төбелессем …. ұрсады ғой. (әже,бабушка)
- Шіркін,ағама …. жазар едім. (хат,письмо)
- Ал, жүріңдер мен кешегіден де … ертегі айтамын. (қызық,интересный)
- Ағамның …. сіңіп қапты. (иісі,запах)
- Аян есік жақтағы темір пештің түбіне төселген құрым киіздің үстінде кір-кір жұқа құрақ …. жамылып жатыр екен. (көрпе,одеяло)
- Аян арық ….. отқа тығып жіберіп,шала піскен күйелеш масақты лып дегізіп суырып алатын. (қол,рука)
IV . Жанды сөз
С. Мұратбековтің шығармаларына байланыстырып екі топ бір-біріне үйден дайындап келген тест түрінде сұрақтар қояды.
1-топ сұрақтары
- С.Мұратбеков «Қылау» әңгімесінен . Сатай Рабиғадан қандай кітап алды?
А) қазақ әдебиеті Ә) геометрия В) алгебра Б) « Қан мен тер»
- Сатай Рабиға кетуге ыңғайланғанда қандай сұрақ қойды?
А) Сен жақсы оқисың ба? Ә) Сен өлімнен қорқасың ба?
Б) Қасқырды көргенде қорықтың ба? В) Сен қай мектепте оқисың?
- С.Мұратбековтің шығармаларын ата.
А) «Балықшы әні», «Туған жер» Ә) «Қос шалқар», «Оянған өлке»
Б) «Ауыл оты», «Дос іздеп жүрмін» В) «Әпке», «Дермене»
2-топ сұрақтары
- «Менің басым ауырып тұр» Қай кейіпкердің сөзі?
А) Садақ Ә) Иманжанов Б) Есікбай В) Аян
- С.Мұратбеков Мәскеудегі М. Горький атындағы институтты қашан бітірді?
А) 1973 Ә) 1971 Б) 1982 В) 1961
- С.Мұратбековтің алғаш әңгімесі қай жылы жарияланды?
А) 1952 Ә) 1973 Б) 1954 В) 1964
- Суретте,бейнеле.
Аян бейнесін құрастырамыз. Дәптерімізді алып Аян бейнесін топтастырып жазамыз.
Зеректілігі зейінділігі ұстамдылығы
Төзімділігі Аянның бейнесі мінезі
сырт пішіні
VI . Шешен сөз.
Әр топтан бір-бір оқушы шығып тақырып суырады. Тақырыпқа байланысты өз ой-пікірін ортаға салады.
- Аян мен әңгімені баяндап отырған бала арасындағы шын достық туралы ой өрбіт.
- Аян тағдыры сені ойландыра ма?
VII. Жорға.
Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қойылады.
Білімді бағалау:
Оқушылырдың жинаған ұпайларын есептеп,жеңімпаз қатарды анықтау,белсене қатысқын оқушылырды бағалау.
Үйге тапсырма: Аян ертегісін «Баяғыда бір жетім бала болыпты» деген тақырыпта ертегіні жалғастырыңдар және оған өздеріңше ат қойыңдар.